ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

СЕГІЗ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

16:32, 5 желтоқсан 2018

Тұңғыш Президент күні Шалқар ауданында бірнеше әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді.  8 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Ал Байқадам ауылында күрделі жөндеуден кейін мәдениет үйі ашылды.

Газшылар қалашығында бой көтерген 2 қабатты тұрғын үй «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Құрылысына облыстық қазынадан 65 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. 8  пәтер бастысы,  баспанаға мұқтаж жандарға  берілді,- дейді аудан әкімі Бауыржан Қаниев.

Есет Көтібарұлы ауылдық округіне қарасты Байқадам  ауылынының тұрғындары үшін де қос мереке. Осы күні, елдімекенде күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, мерекеде Шалқар спорт мектебінің негізін қалаушы, КСРО Спорт шебері  Владимир Цехановичті еске алуға арналған грек-рим күресінен дәстүрлі ІІІ Республикалық турнир өткізілді. Жарысқа Алматы, Жаңатас, Қызылорда, Арал, Сексеуіл, Ақтөбе қаласыың палуандары қатысып, күш сынасты.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
16:48, 14 желтоқсан 2018
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...