ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

Сенім телефонына 5 айда 376 қоңырау түсті

20:05, 10 қазан 2017

Ата-аналар мен балалар өзара түснісе бермейді. Кейде жасөспірім сырын туған әкесі мен шешесіне айта алмайды. Осындай жағдайларда көшеден кеңесші іздемес үшін жасөсіпірмдерге арналған "Проблема жоқ" сенім телефоны жобасы биыл мамыр айында іске қосылды. Бұл жобаға "Әйелдерді қолдау орталығы" мұрындық болды. Бүгін жобаның нәтижесі қорытындыланды. 5 айда сенім телефонына 400-ге жуық қоңырау түскен. Оның ішінде тек балалар ғана емес, ата-аналар да хабарласқанын айта кету керек.

5 айда сенім телефонына 376 қоңырау түскен. Оның ішінде 200-ден астамы жасөспірімдерден болса, 52-сі кәмелетке толған жастардан. Сондай-ақ, 88 ата-ана телефон арқылы отбасылық проблемасымен бөліскен. Бұл өмірдің қиын сәттерін бала ғана емес, ата-ана да шеше алмайтынын, психологтың көмегін қажет ететінін көрсетеді.  Жалпы ата-ана мен бала арасындағы түсінбестік қоғамның бұрыннан бар өзекті мәселесі дейді мамандар.

Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.  Психологтар балаға ата-ананың өзі, ісі үлгі дейді. Айта кету керек, ақтөбелік сенім телефонына өзге аймақтардан да қоңырау шалғандар болыпты.

Сенім телефонына негізінен ата-анасымен тіл табыса алмаған жасөспірімдер хабарласады екен. Мамандардың зерттеулері балаларды үрей мазалайтынын көрсеткен. 28 пайызында психологтар ерте жүктілік, денсаулыққа, заңгерлік сұрақтарға қатысты анықтамалық ақпарат берген. Ал 74 пайызында жасөспірімдер ата-ананың ажырасуынан қатты налып, кері әсер алған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
16:48, 14 желтоқсан 2018
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...