ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

СӘРКЕ БАТЫРДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ БОЙ КӨТЕРДІ

17:16, 9 қыркүйек 2019

Қарғалы ауданына қарасты Қос-Естек ауылында батыр Сәрке Меңдібекұлының ескерткіші бой көтерді. Алтын сапты, алмаш қылышты Сәрке батырдың тұғырының бұл өлкеде тұрғызулуы тегін емес. Тарихи деректерде даңқты қолбасшысының осы жерлерді мекен еткені жайлы жиі айтылады. 2018 жыл Қарғалы ауданында Сәрке батыр жылы деп жарияланса, биыл батырдың мемориялдық кешені ашылып, соңы мәдени-спорттық шаралармен жалғасты. Cәрке батыр Әбілқайыр ханның сенімді серіктесі, қаһарман батырларының бірі болған.  1726 жылы қазақ-қалмақ шайқасында Әбілқайыр хан мен Тайлақ батыр бастаған әскерінің құрамында ерлігімен көзге түскен. Оның  батырлығын Ресей патшалығы да мойындаған деседі. Сәрке Меңдібекұлының  өмір жолы мен елінің азаттығы жолында жасаған ерліктері  Қосестек мектебінде өткен ғылыми конференцияға арқау болды. Тарихи деректерге сүйенсек, Сәрке батыр Ырғыз бен Торғай төңірегіндегі Қарасиыр деп аталатын алқапта жоңғар басқыншыларымен бетпе-бет кездесіп, қарсыластарын жер жастандырған. Балқаш көлі маңындағы тағы бір шайқаста  айбыны одан әрі артады. Осындай ерліктері үшін халық арасында алтын сапты, алмас қылышты Сәрке батыр атаныпты. Батыр бабасының  рухына тағзым етіп, ескерткіш орнатуды ұрпақтары осыдан 10 жыл бұрын жоспарлаған екен. Еңселі ескерткіш кәсіпкер, "Степное" шаруа қожалығының басшысы, батырдың тікелей ұрпағы Аманғос Төлеуовтің демеушілігімен бой көтерді. Монумент   Ақтөбе-Орск тас жолының Қос-Естек аулынына кіреберісінде орналасқан. Мұндағы мақсат- жолаушылар елінің батырларын, олардың ерлігін білсін,- дейді ұйымдастырушылар.   Мыстан жасалған батыр бейнесінің биіктігі 5 метр. Ескерткіш авторы-   "Тілеу Батырдың" бейнесін жасаған мүсінші Әбдікәрім Ахметов. Мемориалдық кешеннің  ашылу салтанатына  еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті көршілес Ресейден де қонақтар келді.  Ауыл тұрғындары түгел жиналды.Мерейлі мерекеге айналған бұл күнде  батыр ұрпақтары үлкен аумаққа киіз үйлер тігіп, қазан көтерді.  Меймандар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.  Палуандар күресіп, ақындар айтысып, шара соңы, өнерпаздардың концертіне ұласты.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...