ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Шағын және орта бизнес нысандарын тексеру азайды

17:20, 20 қыркүйек 2017

Бақылау және қадағалаушы органдар тарапынан шағын және орта бизнеске жасалатын тексерістер саны азайды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 330-ға төмендеген. Прокурорлар негізсіз жүргізілетін тексерулердің алдын алып, түсіндіру жұмыстары арқылы орсындай нәтижеге қол жеткіздік деп отыр.

Жыл басынан бергі 8 айда Ақтөбе облысы бойынша тіркелген текеріс көлемі азайды. Кәсіпкерлік саласында бұл көрсеткіш 4036-ны құраса, былтыр осы кезеңде 4396 болыпты. Облыстық құқықтық статистика және есепке алу басқармасы негізсіз жүргізілетін тексерістердің көбі көлікті бақылау, еңбек инспекциялары, экология, төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі дейді.

АҚЫЛ ҚАРПЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Басқармамен мемлекеттік органдарға қатысты біз тескерістерде бас тарту акітісін қолдандық. Мысалы, айтатын болсақ,  тұтынушылардың құқын қорғау департаментіне қатысты - 8 рет, көлік инспекциясы - 7, экология департаменті - 4, төтенше жағдайлар департаменті және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті - 3 тексерісте бас тарту актісі қолданылды¤

Ал кәсіпкерлер мүлдем басқа органдарға қатысты шағымданады. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті - көштің басында. Салық қызметіндегілер шағын және орта бизнес нысандарын бір айдан аса уақыт тексереді екен.

РУСЛАН ҚОЙШЫНОВ, ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ

- Мәселен, мемлекеттік кірістер департаменті қандай да бір кәсіпкерлік субъектіге тексеріс жүргізетін болса, ол 30 күнге ғана есептелуі керек. Кейде олардың тексерулері 30 күннен 100 күнге дейін жетіп жатады. Тәжірибеде, салық органдары тексеруді уақытша тоқтата алады. Кейін, қайтып қалпына келтіреді.  Ал 100 күн бойы кәсіпкерлік құрылымдарын тексеретіндер бизнесмендердің жұмыс істеуіне, яғни 3 ай бойы жұмысын тоқтатуына кедергі болады

Сондай-ақ, бизнес өкілдері тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті тарапына қатысты көп шағымданады екен. Кәсіпкерлер палатасы басқарманың негізгі талаптарда жоқ құжаттарды сұрайтындығын алға тартады. Статистика, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменттерінің қызметіне қатысты да бизнесмендердің шүйлігуі көбейіпті. Палата өкілдері жүргізілген тексерулерді негізге ала отырып, сотқа шағымданбақшы.

Гүлбағда Қайратқызы, Самат Қалекенов

Тақырып бойынша материалдар

КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
19:51, 25 сәуір 2018
КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...