ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

19:44, 16 тамыз 2019

"Димаш-И" өнер лагерінің демалушылары қала әкімі Мавр Абдуллинмен кездесті. Кенкияқ кентінен келген балғындар шаһар басшысы қолынан сыйлық алып, жылы лебізін естіді. Кездесуде балғындар өз өнердерімен бөлісуді де ұмытпады.  Облыс орталығына қыдырып келген агерь демалушылары қаланың көрікті жерлерін аралап, мәдени секерткіштермен танысқан.   Балғындар бүгін соңғы салынған мәдени ошақтарды аралап, қаланың көрікті жерлерімен. Солардың арасында Әсем де бар. Жасөспірім қыздың арманы - IT маманы болу.  Бесіншісі сынып оқушысы осындай демалыс орнында алғаш рет болып, бос уақытының қызықты да мазмұнды өтіп жатқанына қуанышты

ӘСЕМ ОРЫНБАСАРОВА /"ДИМАШ-И" ЛАГЕРІНІҢ ДЕМАЛУШЫСЫ

Біз "Димаш-и" лагерінде қуаласпақ,  қатырмақ т.б қызықты ойындар ойнаймыз. бұл лагерьде бізді апайымыз бізді қыдыртуға апарады, қазір, міне Ақтөбеге де келіп жатырмыз. Біз бұл жерге ойнауға емес, рухани азық алу үшін келдік.

Қала әкімі Мавр Абдуллин жеткіншектердің көңіл-күйін сұрап, лагерьдың тыныс-тіршілігін, бүгінгі ахуалын білді. Елдің ертеңі өздеріңіздей балғындардың қолында деген шаһар басшысы балаларға оқуда озат болып, тәрбиелі болуға шақырды.

МАВР АБДУЛЛИН /АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сіздердің қазір жастарыңызда  шаршамай тек білім алу керек. Білім ме нтәрбиені жақсылап жүргізсеңіздер, адам өзінің мінез-құлқын соған бейімдеп, жақсы азамат болып өссеңіздер жолдарыңыз ашық болады.

Демалушылардың арасында республикалық, аймақтық білім, спорт сайыстарында жүлдегер атанғандар да бар. Өнерлі өрендер қала әкімі алында Абайдың қара сөздерінен үзінді оқып, жұртты сүйсінтті.Оқушылар қалаға келмес бұрын Темір, Мұғалжар аудандарындағы тарихи-мәдени аймақтарды аралап, танысқан. Қазір  лагерьде  25 бала тынығып жатыр.. Осыған дейін 50 жасөспірім жазғы каникулының 15 күнін  өткізген.

ИСЛАМ ӘБДІРАХМАНОВ  /"ДИМАШ-И" ЛАГЕРІНІҢ ДЕМАЛУШЫСЫ

Лагерь өте қызықты, ішің пыспайды.  Өте керемет жарыстар болады.  Сурет салудан байқаулар болады.   Алдыңғы жылы Н. Назарбаевтың титулын алу жарысы болып, мен жүлдегер атандым.

АРДАҚ ҚҰБАШЕВА / КЕҢКИЯҚ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Негізі лагерь үш аусымнан тұрады. Он бес күннен. Әр айсайын, яғни маусым, шілде, тамыз айына. Көбісі айтады, Димаш-И деген қытайдың қойған аты деп. Жоқ олай емес. Оның өзіндік тараптары көп.

Кеңкияқ кентінде орналасқан "Димаш-И" лагері балаларды 2017 жылдан бастап қабылдай бастады.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
20:45, 23 қазан 2019
ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
Толығырақ...
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...