ШҰҒЫЛ! КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ Толығырақ

ШАХМАТШЫЛАР ЖАРЫСЫ

16:49, 17 тамыз 2018

Әуесқой шахматшылар жарыста бақ сынады. Спорт апталығы аясында ұйымдастырылған додаға қарапайым қала тұрғындары мен мектеп жасындағы балалар қатысты. Қызықты ойынды Әнуарбек Мырзатайұлы көріп қайтты.

Ә.Молдағұлова даңғылы бойындағы гүлзарда өткен шахмат ойынына зияткерлік ойынға қызығушылығы бар ақтөбеліктер жиналды. Жарыстың өтетіндігі туралы хабарландыруды естіген қаланың өзге бөліктерінен тұрғындар көп келіпті. Арасында шахмат үйірмелерінің жас тәрбиеленушілері де бар. Қатысушылардың көптігін ескерген ұйымдастырушылар ойынды екі топқа бөліп өткізді.

Жарыста балалардың белсенділігі ерекше байқалды. Әрбір қимылын ұтымды пайдалана білгендері шаңшаң ойнап, белгіленген уақыттан бұрын қарсыластарын жеңіп оытрды. Балалардың жарысын бақылаған төрешілер де қызу ойын болғанын айтып жатыр.

Бұл - қалада өтіп жатқан спорт апталығы аясындағы шаралардың бірі. Жарыс соңында жүлдегерлер медаль, грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:12, 22 ақпан 2019
СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
18:11, 22 ақпан 2019
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
19:31, 19 ақпан 2019
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...