ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

21:51, 11 маусым 2019

Облыс, аудан орталықтарынан шалғайда орналасқан ауыл тұрғындары үшін  жағымды жаңалық.  Енді зейнетақы мәселелері бойынша қалаға  қайта-қайта сабылудың қажеттілігі жоқ.  «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» өз қызметтерін «Қазпошта» Акционерлік қоғамы арқылы алыс ауылдарда да көрсете бастады. Мұндай мүмкіндікке Кеңкияқ, Шұбарши, Бестамақ, Хлебодаровка ауылдары және Зарченый, Заречный-4, Сазды, Қурайлы, Кірпішті, Жаңақоныс, Пригородный және Кеңес Нокин елдімекендерінің тұрғындары ие болды.  «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» алдағы уақытта даму стратегиясына сәйкес,  қызмет көрсету аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.  Айта кетейік, қазіргі таңда  Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік зейнетақы қорында 490 375  салымшы бар. Олардың зейнетақы қоры  511 млрд теңгені құрайды.

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар