ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

ШАЛҒАЙ ӨЛКЕДЕГІ ИГІ ІС

16:11, 25 қыркүйек 2020

Шалғай жатқан Ырғыз ауданында мал шаруашылығы жақсы дамыған. Биыл 8 айдағы табысы 8 миллиард теңгеден асты. Шаруалар мал басын көбейтіп қана қоймай, балық цехын да ашуды жоспарлады. Әрі мұнда ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік бар. Жаманшың кратерін қорғау жұмысы, 80 көлді сақтау, жоғалып кетудің аз алдында тұрған аң-құстың мекені болған Ырғыз-Торғай резерватын қорғау. 
Жарма ауылының тұрғындары үшін су тасу - ең ауыр жұмыс. Құм басқан көшемен жүріп, ауыл шетіне бару да, бөшкені арбамен сүйреу де бір адамға қиын. Балаларды жұмсай алмайды. Сондықтан көбіне ауыл үлкендері жалғыз құдыққа жиі барады. Сәбила Тоқабаева ширек ғасыр бойы тіршілік нәрін дәл осы жолмен тасып ішкенін айтып берді. Үйде бар ыдысты толтырып алуды әдетке айналдырған. Кейде сусыз қалатын күндері де болыпты. 
Ия, көп ұзамау қиындық ұмытылады. Бұл "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының игілігі. Жарма ауылындағы су құбырын тарту ісі қараша айында аяқталады. Жоба құны - 187 миллион теңге. 
Құтикөл ауылына кіреберістегі мына көпір 40 жыл бұрын газ құбырынан салынған. Содан бері жөнделмеді, апатты жағдайға жетті. Ауыл мен аудан арасындағы қатынас үшін мемлекеттік бағдарлама аясында құрылыс жұмысы басталды. 
Бұл ауылдағы клуб та жаңа. 150 орынды. Шектеу шарасына байланысты қазір бос тұр. Негізі 12 үйірме ашылған. 100-ден астам әуесқой өнерпаз бар. Мұнда кітапхана да орналасқан. Ауыл тұрғындары жиі келеді. 
Аудан орталығы Ырғызда да инфрақұрылымды жаңарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Екі көшеге асфальт төселді. 
Ал "Даңқ аллеясының" құрылысына 64 миллион теңге жұмсалады. Жоспар бойынша құрылыс қазан айында аяқталуы тиіс. Қазір мұнда жүргіншілер жолын төсеу, қорғау жұмысы жүріп жатыр. Аллеяда ашық аспан астындағы музей де жасақталады. 
Аудан әкімі Аққанат Шахин баспасөз турына барған тілшілерге аудандың әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткішін баяндап берді. Шалғай мекенде 505 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Ал ауыл шаруашылығы айтарлықтай табысты. 8 айда өнім көлемі 8 миллиард теңгені құрады. Осы салаға 500 миллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған іс көп. 
Ырғыздың балығы - сұранысқа ие. Сондықтан жергілікті кәсіпкер осы бағыттағы кәсібін жандандырып, цех ашпақшы. 
Ауданның туристік әлеуеті де жоғары. Мұнда тарихи-мәдени ошақ көп. Қазақстанның киелі жерлер геогрфиясы тізіміне енген Жаманшың кратері зерттеуді қажет етіп тұр. Қолда барды - қорғау парыз.  
Ырғыз-Торғау резерваты - ерекше қорғалатын аймақ. Қызыл кітапқа енген аң-құстың мекеніне бірнеше туристік маршрут дайындалған. 
Ырғызда 80 көл бар. Өкініштісі - жыл өткен сайын құрғап, жойылып бара жатыр. Мәселе күн тәртібіне қойылып, су деңгейін сақтап қалу үшін техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр. Су қоры молайса, суармалы егін шаруашылығы да дамиды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...