ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

19:36, 1 қараша 2019

Мұғалжар мен Темір өңірдегі өндірістіөлкелердің қатарында. Аудандардағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты. Екі ауданға жұмыс сапарымен барған Оңдасын Оразалин бірнеше әлеуметтік нысандарды аралап, кәсіпкерлер жұмысын көрді. Халықпен кездесті. Көгілдір отынға қолы жеткен Мұғалжар ауданындағы Басшилі ауылы тұрғындарының қуанышына ортақтасты.  Мұғалжар ауданы бойынша 1300 ден астам адам пәтер кезегінде тұр. Олар-көп балалы отбасылар, жетімдер, мүгедектер мен мемлекеттік қызметкерлер. Ауған соғысы ардагерлері де бар. Жылдың соңына дейін 90 отбасы баспаналы болуы тиіс. 5 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Облыс басшысы нысанды желтоқсан айынан кешіктірмей аяқтауды тапсырды. Кейін Оңдасын Оразалин бастаған топ аудан орталығында салынып жатқан демалыс саябағында болды. Басшилі селосының тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Ауыл тұрғындары отын жағу азабынан құтылды. Мұнда газ құбырын тарту жұмыстары былтыр басталған болатын. Басшиліде ауыз су бар. Тұрғындарға енді керегі-жол. Аудан тұрғындарының 88 пайызы ғана газбен қамтылған. Көгілдір отын биыл Басшилі, Темір-көпір ауылдарына берілді. Жұрын-Қаракөл, Мұғалжар аудандарына алдағы үш жылда тартылмақ. Аймақ басшысы кейін Сағашилі ауылындағы  “Ramco Holding" мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Серіктестікте 145 адам жұмыс істейді. Дизельдік отын, мазут пен мұнай дистипляттарын өндіреді.Өнім ТМД елдеріне де экспортталады. Өңір басшысы Талдысай жалпы орта мектебін аралады. 95 бала білім алып жатқан ғимарат 53 жыл бұрын салынған. Ауылға жаңа мектеп керек. Ол үшін жер телімі бөлінді. Құрылыс келер жылы басталмақ. Оңдасын Оразалин Талдысай орта мектебіне жеке кітапханасынан әдеби оқулықтар сыйлады. Темір ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып жатыр. Бұған жыл санап өсіп отырған шаруа қожалықтарының саны мен өнім көлемі дәлел. Өңір Бірлік селолық округіндегі "Сәт" шаруа қожалығында болды.  Мұнда 500 ге жуық ірі қара мал бар. 274 жылқы мен 1000 нан астам қой ұстап отыр.Ақсай селосында Н.Байғанин атындағы мектеп-балабақшасында болды. Мұнда 105 бала білім алып жатыр. 28 бөбек балабақшада тәрбиеленуде. 40 жыл бұрын салынған ғимаратқа жөндеу жүргізілген. Кейін Оңдасын Оразалин Ақсай мен Шығырлы ауылдарының тұрғындарымен кездесті.Ақсай ауылында су мәселесі шешілген. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2016 жылы жүзеге асырылды

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:30, 28 наурыз 2020
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
15:36, 23 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...