ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ШАЛҚАР КӨЛІНІҢ ТАБАНЫ ТАЗАРТЫЛАДЫ

19:43, 21 қараша 2019

 

Шалқар көлінің табанын тазарту жұмысы жалғасатын болды. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме дайын. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Рахат Сыдықов ауданға барып, тұрғындармен кездесті. Жұмысты тиімді атқару кезінде ауыл адамдарының да ұсыныстары ескерілмек. Ауыл тұрғындары Шалқар көлінің бүгінгі жағдайына алаңдаулы. Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің ауданға сапары кезінде ең алдымен осы сұрақты қойып, көмек көрсетуін өтінген болатын. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Рахат Сыдықов, Табиғи ресурстар жəне табиғатты қорғауды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұл, Құрылыс, сəулет жəне қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Иманалин Шалқарға барып, тұрғындарға алдағы жоспар жайын айтты. Шалқар көлінің табанын тазарту мәселесі 2004 жылдан бері көтеріліп келеді. 2010-2012 жылдары көлдің гидротехникалық құрылымы үшін 204 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, жаңартылды. Ал өткен жылы көлдің табанын тазарту үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Құны - 3 миллиард 149 миллион теңге. Жиын кезінде облыс әкімінің орынбасары Рахат Сыдықов жобалаушыларға балықтан айырылып қалмас үшін сүзгілерді ескеруді тапсырды.
Адай Дүйсенбаев

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...