ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ШАЛҚАРДА ҚҰРБАН АЙТ АУҚЫМДЫ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

18:55, 12 тамыз 2019

Қасиетті Құрбан айт мерекесі -  Шалқарда ауданында кең көлемде тойланды. Айт намазына жиналған қалың жамағат бір-бірін құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Киіз үйлер тігіліп, салт-дәстүріміз кеңінен дәріптелді. Ұлттық ойындар мен жарыстар өтіп, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.  Ұлық мерекені асыға күткен жамағат мұнда таңертең сап түзеді. Айттап келгендерге киіз үй ішінде дастархан жайылған. Аудан әкімі Бауыржан Қаниев жиылған қауымды құрбан айт мерекесімен құттықтады.Маңызына тоқталды. Жиналған халыққа аудандық Мәтай Қоқанұлы мешітінің бас имамы құрбандық шалудың тәртібі мен маңызын түсіндірді. Бұдан соң шара аудан өнерпаздардың концертіне ұласты. Қазақ күресі, арқан тартыс, асық ату, ләңгі тебу секілді ұлттық спорттық ойындардан ауыл жастары күш сынасты. Ұлық мейрамда Шалқар қаласында бір автобус пен такси жүргізушілері тегін қызмет көрсетті.

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...