ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ШАЛҚАРЛЫҚТАР ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚТА БАС ҚОСТЫ

18:09, 10 шілде 2019

Шалқарда ұлтымыздың байырғы дәстүрі қымызмұрындық тойланды. Бір топ ауыл жастары бірігіп ұйымдастырған игі шараға ауданға қарасты он ауылдық округ қатысты. Негізгі мақсат - дәстүрімізді дәріптеу, ұмыта бастаған құндылықтарымызды жаңғырту,-дейді ауыл жастары.Қымызмұрындық - бие байлап, алғашқы қымыз ішу рәсімі. Өткен жылы облыс орталығында бастау алған ұлттық мереке биыл аймақтағы аудандар арасында алғаш болып биыл Шалқарда ұйымдастырылды.  Аудан әкімі Бауыржан Қаниев осындай кенже қалған дәстүрлерді жаңғыртып, мәні зор шараны ұйымдастырғандарға алғысын білдірді.Шара Шалқар көлі жағасындағы демалыс лагерінде өтті. Ауданға қарасты он ауылдық округтен келген қымыз сататын шаруалар көпшілікке өз өнімдерін ұсынды. Ұлттық сусынды дайындау барысындағы тәжірибелерімен бөлісті.Елге белгілі еңбек ардагерлерінен құрылған әділқазылар бағасын беру үшін қаз-қатар тігілген шатырлар сөрелеріндегі қымыздардан ауыз тиді. Шарада аудан өнерпаздары да ән мен күйден жыр шашып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ауданда тұңғыш өткізілген қымызмұрындық мерекесінде Жаңақоныс ауылдық округі бірінші орынды иеленді. Екінші, үшінші жүлде тұғырынан Айшуақ пен Бершүгір ауылының шаруалары көрінді. Сондай-ақ, осы күні  «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіндегі жеңімпаздар аудан әкімі қолынан алғыс хаттар мен сыйлықтар алды.

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар