ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫС УАҚЫТЫЛЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ШАРУАНЫҢ ЖАЙЫ

22:32, 26 мамыр 2020

Бірнеше жыл бұрын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді алып, оны игере алмаған шаруалар аманатты кері қайтаруы тиіс. Өзім пайдаланбаймын, өзгеге де бермеймін деп қонышына қысып, тарығып отыруға болмайды. Бүгін әкімдікте өткен жиын кезінде өңір басшысы осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Себебі кейбір шаруалар өрісін кеңейтуге жер таппай отыр. Құжатта бәрі жалға берілген, тексере келе әлі бос жатқаны анықталды. Шаруаның жайын келесі бейнематериалда тілшіміз айтып береміз. 
Жұмыспен қамту, қолынан іс келетін адамды еңбекке араластыру. Бұл Мемлекет басшысының негізгі тапсырмасы. Өңір басшысы өз орынбасарларының есебін тыңдап, атқарылған шаруаны ширатуды міндеттеді. Атап айтсақ, облыста 302 жобаны іске асыруға 46 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Шамамен 12 мың жұмыс орнын құру жоспарда бар. Басым бөлігі уақытша. Яғни, жаз бойы құрылыс, жөндеу жұмыстарына жұмылдырылады. Жиын кезінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы, мемлекеттік сатып алу жүйесіне үнемі мониторинг жүргізілетінін айтты. Әрі сол топқа "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің мүшелерін қосуды ұсынды. 
Жиында көктемгі далалық жұмысы да сөз болды. Қазір шаруалар жер жыртып, дән себумен қамымен жүр. Жергілікті әкімдік төмен бағамен дизель отынын беру жұмысын ұйымдастырды. Алайда дайын жанар-жағармайды ауданға жеткізіп алғаны аз. 
Қазір Байғанин, Ырғыз, Қобда, Темір, Шалқар аудандары егін жұмыстары толығымен аяқтады. Егіс алқаптарындағы 520 мың гектар жерде ылғал жабылды. 62 мың гектарға жуық алқапқа химиялық өңдеу жүргізіліп, 16 мың тонна тұқым залалсыздандырылды. Дегенмен кейбір аудан топырақ құнарлығын арттыру, арам шөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге селсоқ қарап отыр. Ал құнарлығын жойған жерден жақсы өнім алынбайтыны белгілі. 
Облыста мал шаруашылығы саласына 7 млрд.теңгеге жуық субсидия бөлінген. Осы жылдың 4 айында ірі қара мен ұзақ мал басы өсті. Кейбір шаруалар  жер болса, әлі де өрісті кеңейтуге ұсыныс берді. Бірақ арасында бұрын жалға алған жерін өз пайдаланбай, өзгеге бермей әлекке салғандары да бар. 
Оқу жылы аяқталды. Оқушылар үш ай демалысқа шықты. Ал қосымша білім беру үйірмелері облыстық штаб шешімімен жұмысын жалғастырды. 
Мектептерде жөндеу жұмысы басталды. Бұл шаруа алдағы екі айда толық аяқталып, тамызда мұғалімдердің алаңсыз еңбек етуіне жағдай жасалуы тиіс. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде қиналған оқушылар мұғалімдерімен байланысып, тақырыпты қайта талқылай алады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
16:42, 30 маусым 2020
25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
Толығырақ...