
Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры мен "Алақай" қуыршақ театрының әртістері шеберлігін шыңдап жатыр. Астанадан арнайы келген маман бір апта бойы сахнадағы би мен түрлі іс-қимылды үйретеді. Әр сабақ 3 жарым сағатқа созылмақ. Кейін театрдың 60 әртісіне арнайы сертификат беріледі.
Айта кетейік, қазіргі кезде облыстық драма театр ғимаратында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қойылымдар Алақай театрының сахнасында өтеді.