ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ШЕРУГЕ ШЫҒУ ШЕШІМ ЕМЕС

18:23, 12 қыркүйек 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы жолдауында бейбіт шерулерге қатысты ойын айтты.  Конституцияға зәйкес, ел тыныштығын бұзбайтын акцияларға рұқсат беру керек деді Президент. Күні кеше, 500 ақтөбелік облыс әкімдігінде осы маңызды құжаттың әрбір бөлімін мұқият талқылап жатқанда, 50-ге жуық  тұрғын әкімдік алдына жиналып, митинг ұйымдастырды. Жалпы, ел-жұрттың бірлігін нығайтудың орнына, сыртқы күштердің айтағына іштен ерушілер табылып, сорлап қалған елдер баршылық. Президент бейбіт шерулерді өткізуге рұқсатын берді. Ол үшін тіпті арнайы орын бөлу қажеттігін айтты. Бірақ тәртіпсіздіктерге жол бергендер заң аясында жазасын алады,- деді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ /ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТІ

-Конституцияға сәйкес, азаматтарымыз өз ойын еркін білдіру құқығына ие. Егер мұндай бейбіт акциялар заң мен азаматтардың тыныштығын бұзбайтын болса, онда қолдау білдіріп, заңда көрсетілген тәртіп бойынша оларды өткізуге рұқсат беру керек. Ол үшін арнайы орын бөлу қажет. Бұл орындар қаланың шетінде болмауы керек. Егер тәртіпсіздікке жол беріліп, Конституцияға сай емес іс-әрекеттер жасауға үгіт-насихат жүргізілсе, заң аясында тиісті шаралар қолданылатын болады./

Дегенмен, шеруге шығу- шешім емес. Психологтардың айтуынша, ашу-ызаға булыққан адам өзгеге бой алдырмайды. Мұндайда, халықты арандату оп-оңай.  Сондықтан бейбіт шерудің басқа арнаға ауысып кетуі ғажап емес.Психологтар бір жерде жиналған адамдар тобының санасыз, импульсивті болатынын дәлелдеген. Сол себепті олар ерекше қауіпті.  Адам топқа кіргенде оның индивидуалистік қасиеттері жоғалады. Мұны мамандар тобыр психологиясымен байланыстырады.Мәселен, жуырда  әкімдік алдына 50-ге жуық тұрғын жиналып, шеру ұйымдастырды.  Бұл уақытта  әкімдіктің үлкен мәжіліс залында 500-ге тарта ақтөбелік Мемлекет басшысының жолдауын жан-жақты талқылап жатты. Ауған соғысының ардагері Марат Қойлыбаев сол митингтің басы-қасында болып, шеруге шығушылардың шерін тыңдағандардың бірі.Шеру- бұл қоғамның дерті дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы. Алайда, халықты алаңға мәселенің өзі емес, айтылып жатқан,  дәлелденбеген ақпараттардың дүмпуі жетелейтіні белгілі.Ақылды адам тек өзінің емес, алдымен өзгенің қателігінен сабақ алады дейді дана халқымыз. Айтаққа еріп, арандап қалған айыр қалпақты ағайын мен украина жұртшылығы не ұтты? Оқ пен оттың ортасында өмір сүріп жатқан Сирия, Иран, Ирактың хәлі баршаға аян. Біле білсеңіз, бұл елдердегі қанды қақтығыстар о баста бейбіт шеруден басталған.Мәселен, бас-аяғы он шақты жылдың жүзінде екі бірдей төңкерісті басынан кешсе де, Қырғызстанның  тұрмысы мен хал-ахуалы жақсарып кете қойған жоқ. Халықаралық зерттеулердің мәліметі бойынша, алғашқы көтерілістен кейінгі жылдары Қырғызстан ТМД елдері арасындағы ең кедей мемлекет болып есептелген. Ал Украинадағы қырғи-қабақ ахуал елдегі өндірістің құлдырауына, халық тұтынатын тауарлардың шектен тыс қымбаттап, тұрғындардың өмір сүру дейгейінің күрт төмендеуіне әкеп соқтырды. Сондықтан, шеруге шығу мәселенің шешімі еместігін біздің ағайынның да ұққаны абзал.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...