
Бестамақ ауылындағы шошқа фермасынан жергілікті тұрғындар әбден мезі болған. Күй талғамай, тез өсіп-өнетін жануардың қолқаны қабатын жағымсыз иісі өз алдына. 40 мың шошқаны бағып отырған кәсіп иесі қоршаған ортаға келтірген залалына аса мән бермейтін секілді. Сойылғаннан қалған ішек-қарнын ашық алаңқайға тастап, айналасын бүлдірген. Ығыр болған Бестамақ аулының халқы іргедегі шаруашылықтың жұмысын тоқтатуды сұрады. Осыған сәйкес облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен тексеру тобы құрылып, жауаптылар кәсіпкерлік нысанындағы тірлікті көріп қайтты.
Ауылдан 6 шақырым тысқары жатқан шаруашылықтың орналасқан жері санитарлық талапқа сай келеді. Алайда экологиялық заңдылықты бұзғаны назардан тыс қалмады. Күніне 280 шошқа сойылатын шаруашылықтың 20 күннен бері ашық жатқан 6 мын тонна қалдығы күні кеше ғана көмілген.