ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

"СНПС АҚТӨБЕ МҰНАЙГАЗ" АҚ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

18:24, 7 қараша 2018

"СПНС - Ақтөбе мұнайгаз" акционерлік қоғамында ауыс-түйістер орын алды. Ірі кәсіпорынға тағайындалған жаңа басшыны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «СНПС Интернационал» компаниясының Қазақстандағы бас директоры Биан Дыжы ұжымға таныстырды.

СНПС Ақтөбе мұнай газ" компаниясының бас директоры болып Вэй Юйсян тағайындалды. Қытай, Канада елдерінде қызмет етіп, мол тәжірибе жинақтаған ол соңғы жылдары біздің елде "Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз" АҚ басқарған. Енді жеті мыңнан астам адам еңбек ететін осы компанияны басқармақ. Облыс әкімі кәсіпорынның өңір экономикасындағы маңызды рөлін атап өтіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларына тоқталды.

Ал бұған дейін компанияның бас директоры болған Ван Цзюньжэнь басқа қызметке ауысты. Он жылға жуық Ақтөбе өңірінде еңбек еткен бұрыңғы басшының кәсіпорынды дамытудағы қызмет орасан деді облыс әкімі. Аймақ жетекшісі оның жұмысына оң баға беріп, алғыс хат табыстады. Сый-сияпат көрсетті.

Өңір басшысы жаңа бас директордың алдына мұнай мен газ өндіру көлемінің төмендеуіне жол бермеу, инвестиция тарту, тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алудың жергілікті мазмұндағы үлесін ұлғайту, қатардағы жұмысшылардың еңбекақысын өсіру, қазақстандық мамандарды оқыту, келісімшарттық міндеттерді толық орындау бойынша бірқатар міндеттер қойды. Сондай-ақ, облыс әкімі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында белсенді ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Жаңа басшы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Айта кету керек,  Қоса «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, өңірде мұнайдың 67%-ға жуығын, ал газдың 88% өндіреді. Компания көмірсутекті шикізат өндіру көлемі жағынан Қазақстанның жетекші мұнай-газ операторларының бестігінде.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
21:05, 12 қараша 2018
МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...