ШҰҒЫЛ! КӨЛІГІН ТІРКЕДІ Толығырақ

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ОНЛАЙН СОҒЫЛАДЫ

19:27, 20 мамыр 2020

 Биыл бәрі өзгеше. Соңғы қоңырау онлайн соғылады, мектеп бітірушілер бетперде киіп, арақашықтық сақтауы тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне ата-анасынан өзге жан кіргізілмейді. Мектеп ішінде емес, бәрі сыртта, аулада ұйымдастырылады. Білім саласындағы осы және өзге де шаралар туралы келесі сюжетте толығырақ... 
Биыл оқушылар мектепте өтетін соңғы қоңырауға қатыса алмайды. Карантин тәртібіне сай қашықтан білім алған балалар онлайн түрде сабақты аяқтайды. Облыс әкімінің құттықтауын да интернет желісінен естиді. Ал 6402 мектеп түлегіне аттестат беру рәсімі 3, 4-ші маусымда өтеді. 11 сынып оқушылары мектеп формасымен қатысады. Салтанатты шара 20 метр арақашықты сақтай отырып,  40 минутқа ғана созылады. Тек ана-анасының қатысуына рұқсат беріледі. 
ЛӘЗЗАТ ОРАЗБАЕВА
ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
Одан әрі қарай енді жұмысымыз жалғасып жатыр.... ҰБТ келесі айдың 20-да басталады.... 6402 бала мектеп бітіреді, 5739-ы ЕНТ тапсырады.... оның барлығының алгоритмі берілді 
Оқушыларға қарағанда ата-аналарды әбірге салған онлайн сабақтың бітер уақыты да жақын. Соңғы тоқсан да аяқталып қалды. Бір жарым ай қашықтан оқыған оқушылардың білім деңгейін анықтау қазір қиын,-дейді мамандар. Ол жаңа оқу жылында белгілі болады. 
ЛӘЗЗАТ ОРАЗБАЕВА
ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Өйткені қыркүйек айында жаңа тематиканы бастаған кезде баланың оған дейінгі теманы яғни тақырыпты меңгергендігі нақ айтылатын болады. Дегенмен балалар СОР, СОЧ, ТЖБ, БЖБ-ларын тапсырып қалды. Бірінші кезде балалардан гөрі ата-аналарда волнение көп болды /08:46/ + /08:55/ дегенмен де.... біздің баларымыз яғни қазіргі заманғы балалар өзінің йифрализацияға жақын екендерін, жалпы мына информатикаға жақын екендігін көрсете білді 
Түлектер соңғы қоңырау үнін көгілдір экраннан естуге мәжбүр, ал жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы дәстүрлі соғылады деген үмітте... 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден озды
19:21, 8 шілде 2020
Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден...
Толығырақ...