ШҰҒЫЛ! ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ Толығырақ

СОТ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

20:57, 26 ақпан 2020

 Қазақстандық судьялардың міндеттері заңмен өзгертілетін болды. Енді олар түрлі зерттеулер жүргізіп, айғақ-дәлелдер сұрата алады. Осы мәселе бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында көтерілді. Жалпы сот жүйесінде тағы қандай өзгерістер болады? Оңғар Алпысбайұлы ретімен айтсын. Қазақстандық соттар бір жылда 6 миллион іс қарайды. Оның жартысына жуығы азаматтық істер. Шығарылған үкімге екі тараптың қатар келісуі,  соған көнуі нәке-саяқ әрине. Әр-кез шағым айтушы жақтың болары анық. Десе де депутаттар жүйеге деген көптің сенімі жоқ деп санайды. Үлкен өзгеріс керек деп отыр. 
ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ 

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Сотқа бекерден бекер адамдар жүгінбейді. Соттың бюрократтығы, соттың әджілетсіздігі, соттың адамдардың өзінің жасайтын қиянаттары осы көп орын алады бізде. Адамдар шағым жазып жатыр. +++ 01:10:07 Кейде соттың қағаздарын бізге жібереді. Сол қағаздарды оқысаңыз оқуға ұяласың. Сауатсыз қағаздар жазады. Сауатсыз шешім шығарады соттар. Соттар өздерінде логика жоқ.
Осындай сауатсыз шешімдерді жою үшін жоғарғы сот заңға түзету енгізуді ұсынып отыр. Яғни судьялардың құзіреті өсірілмек. Тек прокурор мен қорғаушы ұсынған айғақтармен шектелмей өзге де дәлелдер сұрата алады.
МЕЙРАМБЕК ТАЙМЕРДЕНОВ 

ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 Бұл проблеманы шешудің бір ғана жолы бар.  Судьяның процесстік рөлін түбегейлі өзгерту. +++ Әділ шешім қабылдау үшін ол джауды жан жақты, бүк шегіне дейін түсініп, анықтау қажет. Ол джегеніміз судья процесстік жағынан еркін болуы қажет. Қандай уәжді және джәлілдерді зерттеу керек екенін ол өзі анықтауы қажет.
Сондай-ақ, судья отырстан соң қос тарапқа шешімнің қандай дәлел-дәйекке сүйеніп шығарылғанын түсіндіріп беруге міндетті болады. Бұл, сот әділдігіне күмәнді сейілту үшін аса маңызды деп отыр мамандар.
Ал білімсіз судьялар жұмыстан шеттетіледі. Олар талабы жыл сайын қатаңдатылып жатқан арнайы аттестация арқылы анықталады.  Былтырдың өзінде 24 судья білімін дәлелдей алмай жұмыстан қуылған.
Заң жобасының негізгі мақсаты халықтың сотқа деген сеніміне селкеу түсірмей, абыройын арттыру, әділ жүйе орнату. Заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда бекітті. Ұсынысқа тағы өзгерістер енгізілуі Бек мүмкін.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
22:25, 3 сәуір 2020
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
22:18, 3 сәуір 2020
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар