ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНДЫ

17:19, 7 тамыз 2020

Ауыл балаларының футболға қызығушылығы ерекше. Мұны ескерген атқарушы билік оларға арнап заманауи ойын алаңын салып берді. Мұғалжар ауданының Ембі қаласында құрылыс жұмысы аяқталған. Мұғалжар ауылында да жасыл алаң бар. Тек футбол емес, волейбол, баскетбол ойнауға ыңғайлы. Спорт нысандарының құрылысы туралы келесі бейнематериалда. 
Ембі қаласындағы Нәби Бекенбаев көшесінде бой көтерген спорт алаңы көптің көңілінен шықты. Оған қазынадан 16 млн теңге қаржы бөлінген. Нысанның құрылыс жұмыстары бір жарым айда аяқталды.  Жасанды жабынды төселген спорт алаңы балалардың жарақаттанып қалмауына мүмкіндік береді. 
Мұғалжар ауылында да бұған дейін мұндай кешен мүлде болмаған. Тұрғындар балалардың бос уақытын тиімді өткізетін спорт нысанының салынғанына қуанышты. 
Сондай-ақ, Ембідегі №2 аула клубының ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жарты ғасыр бұрын пайдалануға берілген ғимарат колледж, жатақхана, мешіт, мұражай ретінде қызмет көрсетті. Соңғы 5-6 жылда қаңырап бос қалған. Бүгінде мемлекеттік бағдарлама аясында 57 млн теңге бөлініп, 30 адам жұмысқа тартылды. Жөндеу жұмыстары аяқталған  соң жастар қолөнер, шахмат, дзюдо, баскетбол секілді 16 үйірмеге қатысып, бос уақытын тиімді өткізе алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...