ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

СПОРТШЫЛАР ЕУРОПАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

19:40, 11 маусым 2019

11 медаль. Ақтөбелік мүгедек спортшылар халықаралық жарыстан осынша  жүлдемен оралды. Жүзу мен жеңіл атлетикадан 4 атлетіміз Италия мен Германияда өткен әлем кубогының кезеңдерінде   жоғары көрсеткішке жетті. Бүгін оларды облыстық спорт басқармасы марапаттады.Михаил Холостенконы Ақтөбе өңіріндегі паралимпиада қозғалысы  көшбасшыларының бірі деп айтуға болады. Оның қоржынында түрлі жарыстарда жеңіп алған 50 медалі бар. Италияда өткен ашық чемпионатта Миша бірден спорттың  үш түрінен  жарысқа  қатысты, дәлірек айтсақ, диск, ядро  мен найза лақтырудан сынға түсті.

МИХАИЛ  ХОЛОСТЕНКО /ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ

- Халықаралық дәрежедегі жарысқа алғаш рет қатысуым. Басты мақсат-санат алу болатын. Бардық, көрдік, алдымызда енді бұдан да жоғары міндеттер тұр. Бұл жарысқа қатысу біз үшін үлкен тәжірибе болды. Әлемдік деңгейдегі спортшыларды көрдік. Мен дискіні лақтырғанда үздік болдым, 1-ші орын алдым. Өкінішке орай, найза мен ядро лақтырудан 5-ші, 6-шы нәтиже көрсеттім. Енді тек ерінбей жаттығуым керек. Әлем чемпионатына, Токиодағы жарысқа қатысқым келеді.

Жалпы алғанда, ақтөбелік 3 спортшы 3 медальді жеңіп алды. Шахан Жолдасбаев үшін де Италиядағы жарыс табысты  болды. Ол жүзуден әлем кубогының екі кезеңінде өнер көрсетті. Әуелі Италияның Линьяно - Саббъядоро қаласындағы жарыста  4 медал, оның біреуі алтын, содан соң Берлиндегі кезеңде 100 метр арқамен жузуден Азия рекордын жаңартты. Тағы бір спортшымыз Гүлмирам Сражова мен  Қаржаубай  Тинеев те жүлделі оралды. Қаржаубай  400 метрді 56 секундта жүгіріп өтті. Әлем чемпионатының лицензиясын жеңіп алуға 1-ақ секунд жетпей қалды.Спорт басқармасы басшысымен кездесуде  спортшылар проблемалық сұрақтарды да көтерді. Мүгедек спортшылар үшін спорт нысандарының қолжетімділігі  өзекті боп тұр.Паралимпиада қозағылысына өңірде қолдау бар. Спортшылардың бір тобына арнайы стипендия тағайыналды. 194 спортшы  50 , 200 мың теңге аралығында стипендия алып отыр. Төлемдердің көлемі жарыстардың деңгейіне қарай белгіленеді.  Дейтұрғанмен, спортшылардан көрсеткіштерді түсірмеу  талап етіледі.Айта кетейік,  12-17-ші қыркүйек  аралығында Ақтөбеде 5-ші  Қазақстан паралимпиада ойындары өтеді. Енді спортшыларымыз қызу дайындыққа кірісеміз дейді.

Венера Серғазы, 

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар