ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

СТОМАТОЛОГИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

17:44, 21 қыркүйек 2020

 Ауылдың әлеуметтік сұранысын қамту жолында Қобдада бірнеше нысан қолданысқа берілді. Бегалы ауылының тумасы туған жерге қайта оралып, өз кәсібін бастады. Ал Жарсай ауылында  спорт алаңы бой көтерді. Мұның бәрі тұрғындарды жұмыспен қамту, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жұмыс.
Аманғос Қоңырбаев - Қобда ауданы Бегалы ауылының тумасы. Өңірдегі медициналық университетті тәмамдаған стоматолог-ортопед бұған дейін Ақтөбе қаласында еңбек етті. Кейін туған жерге оралып, сұраныс бойынша стоматология кабинетін ашуды жоспарлаған. Қазір бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. 
Аудандағы Жарсай ауылында спорт алаңы қолданысқа берілді. Мұндағы мектеп оқушылары бұрын көшеде доп қуса, енді жасанды жасыл жабындысы бар заманауи алаңда футбол ойнайды. Жоба құны - 5 миллион 800 мың теңге. 
Бұдан өзге Бесқұдық, Қызылжар ауылдарында да жасыл алаң бой көтереді. Екі құрылысқа да жергілікті бюджеттен ақша бөлінді. Ал Бегалы, Талдысай ауылына футбол алаңы демеушілердің көмегімен салынбақ. Айта кетейік, қобдалықтардың 32 пайызы бұқаралық спортпен шұғыланады. Жыл сайын өткізілетін жарыстар кейінге шегерілген. Бірақ спортшылар бас қосатын күнді асыға күтіп жүр. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...