
Колледждердің алты мыңнан астам студенті дәстүрлі білім алу жүйесіне көшті. Қазір бірқатар негізгі пәндер білім беру мекемелерінің қабырғаларында санитарлық талаптарды сақтай отырып оқытылады. Мұндай мүмкіндік бірінші курс студенттеріне ғана беріліп отыр.
Қалалық колледждердің 1-ші курс студенттері оқу орындарының табалдырығын алғаш рет аттады. Арада төрт ай өткен соң ғана студенттер дәрісті курстастарымен бірге тыңдап, талқылауға мүмкіндік алды. Маска тағып, дезинфекциялық сұйықтық қолдану және әлеуметтік арақашықтықты сақтау оқу процесінің ажырамас бөлініне айналған.
Өңірдегі колледждерде 24 мың студент бар. 1-ші қыркүйекте аудандардағы арнаулы орта білім беру ұйымдарының 2 400-ге жуық студенті оффлайн оқуды бастады. Оның мыңнан астамы 1-ші курс студенті. Енді облыс орталығының 6 мың 300-ге жуық студенті аудиторияларда білім алады. Ал, 2,-ші, 3-ші курс студенттерінің оқу процесі онлайн түрінде қалады әзірге.
Ал, 4-ші курс студенттері мамандығына байланысты еш кедергісіз, жоспар бойынша тәжірибеден өтіп жатыр.
ГУЛЬНАРА ЖОЛЖАНОВА