ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ЛИГАСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

18:12, 10 қазан 2018

Ақтөбеде студенттер лигасы өткізіледі. Оған 200-ге жуық білім алушылар қатысып, спорттың бес түрінен бақ сынайды. Жарыс Елбасының жаңа жолдауында айтылған тапсырмасы іске асыру мақсатында ұйымдастырылғалы отыр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында барысында белгілі болды.

Ел халқына кезекті жолдауын арнаған Елбасы "қолданыстағы, әсіресе оқу орындарындағы спорт ғимараттары тиімді пайдалану қажет" деп айтқан болатын. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында жақын күндері Ақтөбеде студенттер арасында жарыс өтпек. Оған қаладағы оқу орындарынан 200-гу жуық білім алушы қатысады.

Студенттер лигасы 12 қазанда басталып, 9 қарашаға дейін созылады. Осы аралықта, Қ.Жұбанов және М.Оспанов атындағы университеттердің базасында спорттың шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол түрлері бойынша жарыс өткізу көзделіп отыр. Ал, келер жылы мамырда қаламызда студенттер универсиадасын өткізу жоспарланған.

Жалпы студент жастардың жарыстарға қатысып, салауатты өмір салтын қалыптастыруы өңірдегі бұқаралық спортпен айналысушылардың санын арттырады дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан да кезекті шаралармен шектелмей, жүйелі түрде чемпионаттар, біріншіліктер өткізу қолға алынбақ. Ал, бүгінгі күні қаладағы 6 бірдей жоғарғы оқу орнында 24 мың студент білім алып жатыр.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
 ҰРАН БАҚТЫБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
18:28, 20 мамыр 2019
ҰРАН БАҚТЫБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...