ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ЖИТС-ҚА ҚАРСЫ КҮРЕС НАУҚАНЫН ҚОЛДАЙДЫ

21:03, 7 қараша 2019

Жуырда басталған дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясына алғашқылардың бірі болып өңірдегі бас университет үн қосты. Бүгін Жұбанов университетінің экономика және құқық факультетінде бірнеше шара ұйымдастырылды. Бұл науқанды студенттер "Бірге бәрін жеңеміз" деп бірауыздан қолдады. "Қауымдастықтардың маңызы зор" дөңгелек үстелі, "Сен мұны білуге тиістісің" дәрісі, "Қауіпті-қауіпсіз" тренингі, "АИТВ туралы білу" үгіт-насихат шатыры студенттерге жұқпалы індет туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, ғимарат ішінен лаборотория кабинеті жасақталып, өз қалаулары бойынша жастар "Өз статусыңды біл" экспресс тестілеуден өтті.    Жұбанов университетінің бұл науқанға үлес қосуы өзге де оқу орындарына үлгі дейді ЖИСТ орталығының мамандары. 1988 жылдан таралған дерт туралы бүгінде мәлімет көп болса да, қазіргі жас буын толықтай білмейді. Ақтөбе облысында 37 адам АИТВ жұқтырған. Басым бөлігі - жастар. Сондықтан мамандар түсіндіру жұмысын тоқтатпай, дерттің алдын алуды айтуды міндет санайды.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КӨЛІК ҰТЫП АЛДЫ
11:56, 30 қыркүйек 2020
ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КӨЛІК ҰТЫП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 29 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...