ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

18:20, 16 мамыр 2018

"Мен ақтөбелікпін"  жобасы аясында Ақтөбеде тұңғыш рет студенттердің шығармашылық фестивалі басталды. "Ақтөбе студент фест-2018" шарасына жан-жақтан студенттік өнер ұжымдары келді.

Үздік студенттік шығармашылық ұжымдардың  өнерін тамашалауға мүмкіндік туды.  Фестивальге өңірмізден және Ресейдің Орынбор облысынан  жоғарғы оқу орындарының студенттері  мен колледж оқушылары  қатысып жатыр.  Өнерлі жастар музыка, хореография, театр секілді жанрлар бойынша 100 ден астам номер ұсынбақ.

Шараны ұйымдастырған  облыстық ішкі саясат басқармасы өкілдерінің айтуынша, Ақтөбе фест фестивалі енді дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін болады. Негізгі мақсат-  дарынды жастарды қолдау. 

Ақтөбеден байқауға 8 колледж бен 4 жоғарғы оқу орны қатысып жатыр. Солардың бірі бүгін Мұқағали Мақатаевтың "Қош, махаббат" пьесасын  сахналайды.

Ақтөбе фест  фестивалі екі күнге созылады. Өнер сүйер қауым үздік студенттік  ұжымдардың өнерін  тамашалауға мүмкіндіктері бар.

Ұлағат АРҒЫН

Тақырып бойынша материалдар

 "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
18:59, 16 қазан 2018
"АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Толығырақ...
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
18:44, 16 қазан 2018
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар