ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Су деңгейі төмендеді, қауіп сейілді

19:11, 20 сәуір 2017

Ақтөбеде судың беті қайтты, қазір су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру жалғасуда.

Сәуірдің 15-нен осы күнге дейін 1907 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 70 адам қауіптен құтқарылды. Бау-бақша ұжымындағы 579 үй мен аулаларды су шайды. 5 саяжай үйі қирап қалды. Эвакуация кезінде 7 мектепте бекет құрылып, адамдар сонда орналастырылды. Қазір эвакуацияланған мектептерде адамдарға көмек берілуде. Оқушы балалар сол мектептерде сабақтарын жалғастырып жатыр. Жергілікті деңгейде жарияланған төтенше жағдайдың себептерін анықтап, салдарымен күресу мақсатында 7 комиссия құрылды. Әрқайсысы өз бағыты бойынша жұмысқа кірісті. Материалдық шығындарды есептеу, баспанасы бүлінгендердің мәселесін шешу жолдары қарастырылады, дейді жауаптылар. Қазір құрылған қорға бір күндік жалақысын аударып жатқан ұжымдар бар. Сондай-ақ, қала тұрғындары азық-түлік, киім-кешек жеткізіп беруде. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, су деңгейін төмендеді, қауіп сейілді. 

Тақырып бойынша материалдар

КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
19:51, 25 сәуір 2018
КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...