ШҰҒЫЛ! 320 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды Толығырақ

Су құбырлары жаңартылды

18:00, 10 тамыз 2017

Коммуналдық қызмет үшін тариф бағасы жыл соңына дейін көтерілмейді деп хабарлайды монополияға қарсы департамент өкілдері.

Монополия мекемесінің бірі - "Ақбұлақ" АҚ  бүгін баспасөз турын өткізді. Ұңғымалар мен су тарататытн құбырлардың жөндеу жұмысымен таныстырды. Сараптамалық тексеру нәтежиесі бойынша Ақтөбедегі су, кәріз жүйелерінің 62 пайызы әбден тозығы жеткен. Талапқа сай жөндеп, жаңалау алдағы жоспардың жұмысы. 

Қаладағы сумен жабдықтау жүйесінің жаңартылмағанына 40 жыл. Биыл жаңаша әдіспен инновациялық технология арқылы жөнделіп жатыр. Барлығы арнайы робот бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін болады. Бейнекамера орнатылған құлтемір құдық арқылы су желісіне түсіріп, тұрбаны тазартады. Одан соң, ескі желіге ыстық пластик құйылады. Сұйық пастик тұрбаның пішінде қатып, жаңа құбыр пайда болады. Жұмыстың барлығын бейнемонитор арқылы оператордың бақылауында.

Құбыр жаңарту жұмысы өзгелерге ешқандай кедергі келтірмейді. Жол жабындысы сол күйінде қалады. Көлік қозғалысы да шектелмейді.

Су жүйелеріндегі жөндеу  Пожарский көшесі мен Сәңкібай батыр даңғылынан Тургенев көшесі, Жағалау көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылынан Ғазиза Жұбановаға дейінгі аралықта жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қаланың ескі бөлігінде, Құрмыш ауданында да  су құбырлары ауыстырылуда. Жөндеу немістің алдыңғы қатарлы технологиясы арқылы жүзеге асуда.

Ұлағат Арғынұлы, Бақытжан Едігеев

 

Тақырып бойынша материалдар

Мыс компаниясы жұмысшылар жалақысын 10 %-ға көтереді
20:28, 22 ақпан 2018
Мыс компаниясы жұмысшылар жалақысын 10 %-ға көтереді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...