ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА Толығырақ

Су спортынан облыстық турнир басталды

19:08, 14 қараша 2017

«Достық» су спорты орталығында облыстық ашық турнир басталды. 3 күн бойы жас спортышлар жеңіс үшін сынға түспекші. Жеңімпаздардан облыстық құрама командасы жасақталып, олар өңір намысын республикалық жарыстарда қорғайтын болады. Жарыс Есет Батырдың 350 жылдығына арналды.

Спорт мектебінің біріншілігі  ашық турнир форматында алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. 250 жас спортшы жасына қарай 4 топта  жарысады. 6 жылдан кейін қазіргі балғын спортшылар ел намысын әлемдік деңгейдегі додаларда қорғайтын болады дейді спорт саласының ардагерлері мен мамандары. 

Ашық біріншілікке Астана, Атырау, Шымкент және Екібастұз қалаларынан спортшылар келді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының және хромтау ауданының жасөспірімдері қатысуда. Олардың арасында 9 жасар ақтөбелік Омар Айтуған да бар. Балғын спортшы суда жүзумен 5 жасынан шұғылданады. Бұған дейін облыстық, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы болып үлгерді. Бүгін 100 метр қашықтықта Омар 1 минут 32 секунд уақытпен алға сурылып шықты. Болашақта міндетті түрде олимпиада чемпионы боламын деген арманымен бөлісті жас өрен. 

Жарысқа 8 және 11 жастағы  қыздар мен ер балалар қатысып жатыр. Мамандардың айтуынша, су спортына қызығушылық танытатын жасөспірімдер қатары артып келеді. Қазір Достық бассейнінде 700-ге жуық бала  шұғылданады. 

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЁТ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРМЕН ЖАЛҒАСТЫ
19:21, 21 қыркүйек 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЁТ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРМЕН ЖАЛҒАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...