ШҰҒЫЛ! Демалыс күндері жауын-шашынды болады Толығырақ

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыға кәсіпкер баспана сыйлады

21:42, 16 мамыр 2017

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру аудан әкімдеріне міндеттелген болатын. Игі істі алғаш болып мұғалжарлықтар бастады.

"Госветсеть" бау-бақша ұжымының тұрғыны Ерболат Жамиев 1 топ мүгедегі. Бес баласы бар отбасының үйін су басып, баспанасыз қалған. Бүгін оларға Мұғалжар ауданы әкімдігі мен кәсіпкер Бақытжан Ержанов екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

ЖАНСҰЛУ СӘДІРОВА, СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕГУШІ

Ал, игі іс жасаған мұғалжарлықтар қала әкімдігімен үнемі байланыста боламыз. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару баршаның міндеті деді аудан әкімі.

ЕРБОЛ ДАНАҒҰЛОВ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 867 үйді су басқан. Оның 86-сы жарамсыз. Әлі көмек алмаған 340 отбасы бар. Оларға шығынға байланысты қорға жиналған қаржыдан міндетті түрде көмек беріледі деді шаһар басшысы.

ІЛИЯС ИСПАНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын барысында су тасқынынан зардап шеккен үш отбасыға 150-200 мың теңге көлемінде сертификат табысталды. Алдағы уақытта Мұғалжардан бөлек, өзге аудандар да қол ұшын созбақ.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Грек-рим күресінен Республикалық турнир басталды
19:12, 20 қазан 2017
Грек-рим күресінен Республикалық турнир басталды
Толығырақ...
Саңыраулар қоғамының құрылғанына - 80 жыл
19:08, 20 қазан 2017
Саңыраулар қоғамының құрылғанына - 80 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбелік өнерпаз "Музарт  live" Республикалық жобасына қатысты
17:17, 16 қазан 2017
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт live" Республикалық жобасына қаты...
Толығырақ...
Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр
18:22, 19 қазан 2017
Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жа...
Толығырақ...