ШҰҒЫЛ! 320 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды Толығырақ

Су тасқынынан зардап шеккендерге жастар көмектесуде

19:22, 20 сәуір 2017

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беруге ақтөбелік жастар белсенді қатысып жатыр. Өңірде 500 студенттен құрылған арнайы еріктілер штабы құрылған. Мәселен, бүгін Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері нөмірі 40-шы мектепте орналасқан отбасыларға барып, қол ұшын созды.

Нарқозы Қартжанның ерікті болып жүргеніне екі жылға жуықтаған. Достарымен бірге, бес күннен бері зардап шеккен отбасыларға барып, көмек беріп жүр. Ол елдің басына түскен қиындықты бірге еңсеру, игі іс жасау - баршаның міндеті деп біледі.

НАРҚОЗЫ ҚАРТЖАН, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ СТУДЕНТІ

Қазір мұнда 200-ден аса отбасы уақытша орналасқан. Басым бөлігі - "Махамбет" елді мекенінің және "Қисықкөл" саяжайының тұрғындары. Қол ұшын созған еріктілер оларға күнделікті қажетті заттар мен киім-кешектерді тапсырды. Тұрғындардың жастарға айтар алғысы шексіз.

ГҮЛМИРА ХАЙЫЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Арнайы құрылған еріктілер штабы үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істеуде. Бірі, уақытша паналау бекетеріне орналастырылған отбасыларға материалдық көмек көрсетсе, енді бірі тасқыннан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, бөгеттер салу жұмыстарына атсалысуда. Айтып өтейік, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы алдағы уақытта табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға бір күндік жалақыларын аударуды жоспарлап отыр.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мыс компаниясы жұмысшылар жалақысын 10 %-ға көтереді
20:28, 22 ақпан 2018
Мыс компаниясы жұмысшылар жалақысын 10 %-ға көтереді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...