ШҰҒЫЛ! ҮЙ ТОНАУШЫЛАР КӨБЕЙДІ Толығырақ

СУАРМАЛЫ ЕГІСТІК АЛҚАБЫ ҰЛҒАЮДА

18:06, 17 мамыр 2018

Облыс бойынша қазір көктемгі дала жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Мәселен, қала сыртындағы  "Пригородный" серіктестігі биыл дән себілетін алқапты едәуір ұлғайтқан. Көкөністен де мол өнім алуды жоспарлап отыр. Көктемгі науқан үшін мемлекеттік қолдаудың арқасында арзандатылған жанар жағармай алған.

Жоспарға сәйкес серіктестік  қаланың 40 пайызын  картоппен қамтуы керек. Сондықтан техникалық паркты жаңартып, тамшылап суару әдісіне көшкен. Ол  үшін америкалық, және автсриялық  қондырғыларды сатып алды. Алдағы уақытта суармалы егістік алқабын ұлғайту жоспары бар. Мәселен осыдан 2 жыл бұрын бұл көрсеткіш 2 гектар ғана болатын. Былтыр 9 гектарға ұлғайса, биыл 40 гектарды құрап отыр. Келесі жылы 100 гектарға жеткіземіз деген жоспары бар.

Америкалық ТЛ  маркалы тамшылап суару агрегатының ұзындығы 385 метр. Бұл қондырғымен картопты бір маусымда 8 рет суарады. Бір суару процесінде құрылғы 3 күн бойы дамыл таппай жұмыс істейді. 40 гектар алқапты түгел  суаруға қауқары жететді.  Қондырғыға су  1 шақырым қашықтықта ағып жатқан Қарғалы өзенінен құбыр арқылы жеткізіледі. 

Мына құрылғы арнайы картоп егуге арналған. Алдымен  бортқа тұқым ЗИЛ көлігінің көмегімен салынады.  Кейін тыңайытқыш қосылып, жақсылап тазартады. Содан соң егіс алқабымен жүріп отырып тұқым себіледі. Мәселен бұл алқапқа картоптың Голландық Романго түрі егілуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
18:32, 15 тамыз 2018
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Толығырақ...