ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

СУДА ЖҮЗУ СПОРТЫНАН ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

19:40, 2 сәуір 2019

Ақтөбеде суда жүзу спортынан ашық чемпионат басталды. Оған еліміздің барлық аймақтары мен Ресей және Қырғызстаннан спортшылар келіп қатысуда.  

¤Чемпионаттың ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов, биылғы жарыстың ерекшелігі көп деді. Тек бақ сынауға келгендердің қатары 300-ге жуықтаған. Мұнша үміткерлер соңғы төрт жылда болмапты.

АЗАМАТ  САРБАСОВ/БАС  ТӨРЕШІ

- Биылғы чемпионтқа қатысушылардың саны көп. Мәселен, былтыр және оның алдыңғы жылдарда өткен бәсекелерде орташа есеппен 245 адам қатысатын. Бұл жолы 295  спортшы келіп отыр. Арасында ақтөбеліктер де бар. Жерлестіріміз бізді жеңістерімен қуантады деген үміттеміз.

Чемпионатта 58 спортшы біріккен 3 команда Ақтөбенің намысын қорғайтын болады. Топ құрамында халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген Диана Назарова, Айбек және Әлібек Камзеновтер, Қайрат Нұржанов секілді жерлестеріміз де бар. Дегенмен, сайысқа келген ресейлік мен қырғызстандық спортшылар да жеңістен үмітті.

СЕРГЕЙ  МОРДОВИН/ҚАТЫСУШЫ  (РФ)

- Мен Ақтөбеге алғаш рет келіп тұрмын.  Барлығымызды жақсы қарсы алды. Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Байқап тұрғанымыздай, қарсыластарымызда осал емес секілді. Бірақ, намысты қолдан бермеуге тырысамыз. 

Чемпионат 4 сәуірге дейін жалғасады. Қортындысында жеңіске жеткендер, биылғы жазда Кореяда және Үндістанда өтетін Азия чемпионатында өнер көрсететін болады. Әнуарбек Мырзатайұлы, Анастасия Евсеева, Жанәділ Сағиев

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар