ШҰҒЫЛ! Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді Толығырақ

СУДАН ҚАУІП ЖОҚ

18:08, 14 наурыз 2019

Ақтөбеде мұздың көбесі сөгіліп, қар ери бастады. Осыған орай, 100-ден астам техника жұмылдырылады. Су тасқынына қарсы штаб жұмысын ерте бастады. Штаб Әлия Молдағұлова даңғылындағы "Табыс-Ақтөбе" серіктестігі аумағында орналасқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Көктемгі су тасқынына қарсы құрылған комиссияның қалалық штабы биыл жұмысқа ертерек кірісті. Оған себеп - күннің күрт жылынып, қардың еруі. Құм мен тұз себу, арықтарды тазалау, басқа да су басудан сақтандыратын шаралар үшін биыл қазынадан 250 миллион теңге бөлінген. Қазір штабтағы тынымсыз телефонға Мәскеу ауданының және Заречныйдың тұрғындарынан қоңырау көп түсіп жатыр дейді мамандар. 

Екі жыл бұрынғы су тасқынының салдарын ұмыта қоймаған халық үшін әр көктем қауіпті көрінеді. Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы биыл жағдай қалай болар екен деп елеңдеген жұрттың күпті көңілін басты. Биыл өзендер арнасынан аспайды, күн құрғатпай бақылап отырмыз деді Бауыржан Сыздықов. Ол екі жыл бойы су қоймаларының табаны тазартылып, кеңейту, тереңдету жұмыстары жасалып келе жатқанын алға тартты.

 Дегенмен, қысқа күнде қырық құбылатын күн райына сенім жоқ. Сондықтан, тәулік бойы су тасқынына қарсы штабтың 57-17-22, 57-17-99 телефондары қосулы. 

Тақырып бойынша материалдар

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
15:24, 23 наурыз 2019
Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
Толығырақ...
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...