ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

СУҒА ТҮСУГЕ БІРІНШІ МАУСЫМДА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

19:50, 16 мамыр 2018

Биыл суға түсуге бірінші маусымнан бастап рұқсат етіледі. Осыған орай Ақтөбеде жағажайларды тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ, барлық демалыс орындарының көпшілігі су құрамын зерттеуге өтініш бермеген. Ал, облыс орталығында қолжетімділікті жақсарту үшін екі қоғамдық жағажай ұйымдастырылмақ.

Биыл өңірде "Бақытты бала" жылы жарияланды. Осыған орай балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. Яғни, осы маусымда бассейндерді жалға беру және елдімекендер үшін модульдік бассейндерді кезең кезеңмен сатып алуға қаражат қарастырылған. Ең басты міндет - балалар қауіпсіздігін бақылауға алу қажет.

Осы жылы облыста барлығы 47 жағажай ашылады. Оның ішінде 13-і ақылы. Алайда, "Жағажай-1" және "Саяхат" жағажайлары ғана су құрамын зерттеуге өтініш берген. Еске салсақ, ең қауіпті жерлер - Өрлеу мен Қарғалы ауылдарындағы көпірлер маңы. Былтыр 22 адам суға кеткен болатын. Оның 12-сі бала. Айтып өтейік, тұрғындарға жағдай жасау үшін екі қоғамдық жағажай ашылмақ.

Айтып өтейік, суға түсу маусымы бірінші маусымнан қыркүйектің біріне дейін созылады.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

 "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
18:59, 16 қазан 2018
"АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Толығырақ...
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
18:44, 16 қазан 2018
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар