ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

СУМЕН ЖӘНЕ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

20:00, 20 қараша 2020

Инфрақұрылымның әлеуеті жоғары болса, ол өңір тұрғындарының өмір сүру сапасына оң әсерін тигізеді. Биыл бірнеше елдімекенде мемлекеттік бағдарлама арқылы құрылыс жүрді. Бүгін тікелей желіге шыққан облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы өңірде атқарылған істің жай-жапсарын баяндады.
Биылғы жазда облыстың бірнеше елдімекенінде тіршілік нәрі үшін құрылыс жұмысы қызу жүрді. Тіпті, 20-30 жылдан бері құдық суын пайдаланып отырған ауылдарға құбыр тартылды. Сөзімізді нақтылар болсақ, 323 елдімекеннің 187-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Дегенмен әлі де 136 елдімекен тіршілік көзіне зәру. Бүгінде жалпы құны 8 млрд теңгені құрайтын  27 жоба іске асып жатыр. Бұл жобалар сәтімен аяқталса, халықтың орталықтандырылған суға қолжетімділігі 96 пайызға жуықтайды. 

Көгілдір отынның қызығын көргісі келетін ауыл тұрғындары бар. Жалпы өңірдегі бүгінгі күнге дейін 800 мыңнан астам халқы бар 121 елдімекен газбен жабдықталған. Басқарма басшысының айтуынша, биыл 12 ауылды газбен қамту жоспарланған. Ендігі меже - өңір халқының 91 пайызын көгілдір отынмен қамтамасыз ету. 
Асыра айтқанымыз емес, бүгінде облыс орталығы болсын, аудандар болсын барлық аймақ құрылыс алаңына айналып кеткендей. Әлемді алаңдатқан тосын індетке қарамастан бұл саладағы жұмыс қарқынды. Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, тұрғын үй салумен айналысатын компаниялардың жұмысы ширақ. 
"Бақытты отбасы" бағдарламасымен 302, жергілікті атқарушы органдардың кезегі бойына 782 пәтер беру жоспарланып отыр. Жалпы саны 1084 отбасы қоныс тойын тойлайды. 

Жансая Әбдікәрімова

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...