ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫС УАҚЫТЫЛЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ Толығырақ

СҰРАУДЫҢ ДА САЛМАҒЫ БАР

21:46, 26 мамыр 2020

  Қанша адам болса, сонша тағдыр. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көмек сұрап, қолдау күтетіндер жетерлік. Мәселенің күрмеуі көп болса, жауапты орындарды хабардар етіп, құқықтық тұрғыдан кеңес береміз. Заңды болса, оң шешілуіне себепкер боламыз. Сондай жанның бірі - Алтын алқа иегері Гүлсім Елубаеваны редакциямызға шақырып, жайын тыңдадық. Айтары бар ананың арызын әріптесім айтсын 
Гүлсім Елубаева 20 жылдан бері Ақтөбеде тұрады. Айтуынша осыдан он жыл бұрын  алаяқтарға алданып, үйінен айырылған. "Енді үй кезегіне тұруға өтініш берейін десем барлық есепшотым бұғаттаулы" дейді өзі. 
Таяқтың екі ұшы бар. Кез келген мәселеге біржақты қарамаған жөн. Сондықтан біз баспана сұраған көпбалалы ананың әлеуметтік жайын білмекке құзырлы органдарға хабарластық. Сөйтсек, кейіпкерімізге жатақханадан арнайы бөлме берілген. Әнине, уақытша. Мұны өзі деп растап отыр. Десе де онда тұрмайды, бір мезгіл пәтер жалдаушыға беріп қойғанын қалай ақтап аламыз? Қалалық жұмыспен қамту орталығындағы мамандарға хабарласқанымызда олар Гүлсім Елубаеваның жағдайымен таныс екенін айтты. Қазір тек бір жан емес, қалада мыңдаған адам баспанаға зәру. Оның көпшілігі мүгедек, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар. Сондықтан кезектен аттап, үй берілмейді.  
Гүлсімнің отбасылық жағдайын тым төмен деп айтуға келмейді. Отағасымен бірге көп жылдан бері теміржол саласында еңбек етіп жүр. Кәсіппен де айналысқан. Төтенше жағдай кезенде тиісті қаражат та алған. Яғни, тұрақты жұмысы, отбасылық кірісі бар. Мемлекет тарапынан берілуі тиіс көмектің барлығын иеленген. Сұраудың жолы осы екен деп сабырсыздық танытқан да жөн емес. Себебі жағдайы Гүлсімнен де төмен, жұмыссыз, баспанасыз жүрген отбасылар қаншама? "Мұндайда айналамызға қарап, бір сәт болса да ойланғанымыз дұрыс" - дейді  қоғам белсендісі Гүлмирам Сражова.
Шүкіршілік қылғанға шыр бітер, - деген екен Жүсіп Баласұғын бабамыз. Бар нәрсемізге қанағат етіп, тәубемізден жаңылмасақ үлкендігіміз қайсы дейді Гүлмираның замандасы Жібек. 
Біз үй сұрай келген ананың жайын тыңдай отырып, үлкен ойдың құшағында қалдық. Жалпы осынау қоғамда әйелін айқайшы етіп, өзі үйде жатқан азамат та, анасын анда-мында сабылтып, әуреге түсірген бала да жетеді. Әке мен ана өз міндетін алмастырып жатса, отбасы құндылығы қайда қалмақ? Ізгі істердің барлығы іріліктен шығады. Ендеше біз айттық, қалған ойды сіздерге қалдырдық, құрметті көрермен?


  
Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
16:42, 30 маусым 2020
25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
Толығырақ...