ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

18:09, 13 қазан 2020

 Әлия Молдағұлованың бейнесін кестелеген ақтөбелік 250 мың теңге сыйақы алды. Оның туындысы батырдың 95 жылдығына арналған республикалық байқауда ең үздік деп танылды. Өжет қыздың өшпес ерлігін бейнелеген суреттер бірінен бірі өтеді. 
Әлия мұражайының кіре берісі еліміздің суретшілері мен қолөнер шеберлерінің туындыларына толып тұр. Қаз қатар тізілген картиналар батырдың балалық шағынан бастап, ерлігін, майдан көріністерін бейнелейді. Әртүрлі әдіспен әспеттелген өнер туындыларының арасында Әлияның бала бейнесін сақтап салынған сурет алыстан көзге түседі. Бұл ақтөбелік танымал суретші Ирина Курманалинаның ғажайып туындысы. Оның өнері 220 мың теңге сыйақымен бағаланды. 
ИРИНА КУРМАНАЛИНА 
СУРЕТШІ
Әлияның портреті көп. Әр суретші алуан түрлі бейнелейді. Маған түрткі болғаны оның небәрі 19 жастағы ерлігі. Сондықтан бала бейнесін сақтай отырып, батырдың келбетін салуды жөн көрдім. Ойымдағыдай шықты. Қазылар алқасының жоғары бағасын алдым. 
Мерген қыздың снайперлік полигондағы бейнесін алғаш болып мен салдым дейді - ардагер суретші Орынғали Хайрулин. Бұл жұмысына бір апта уақыт жұмсаған. 
Бас жүлдені жеңіп алған Азамат Қошетеров өнер жарысында біз кестемен өрнектеген шығармасын жолдады. Картина "Жеңіс әуені" деп аталды. Өнері үшін  250 мың теңге сыйақы алды. Байқауға қатысқандардың барлығы да құр қол қайтпады.  
Шығармашылық байқауға Ақтөбеден өзге Алматы, Қарағанды, Маңғыстау және Атыраудың суретшілері мен қолөнершілері қатысты. 7 бағыт бойынша 23 туынды келіп түсті. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...