ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ ЖИІЛЕП КЕТТІ

21:13, 12 маусым 2019

Сүт безін уақытылы тексеру қажет. Ақтөбелік дәрігерлер әйелдерге осындай кеңес беріп отыр. Өйткені, сүт безі қатерлі ісігі жиілеп кеткенін статистикалық мәліметтер дәлелдейді. Дабыл қаққан маммолог мамандар емдеу жолдарын айтып берді. Келесі бейнесюжетте толығырақ.

Елімізде онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі қатерлі ісігі - бірінші орында. Денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметі бойынша, сүт безі обырына жыл сайын 4 мыңнан астам әйел шалдықса, 1400 нәзікжанды осы аурудан көз жұмады екен. Мамандар әр жыл өткен сайын қатерлі ісіктің «жасарып» келе жатқанын айтып алаңдаушылық білдіруде. Бұрын мастопатия тек 30-40 жастағы әйелдерде кездессе, қазір жасөспірім қыз балалар, бойжеткендер арасында дендеп тұр.

ҚОЙСЫН  НҰРҒАЛИЕВА /МАММОЛОГ

- аударма. Қатерлі ісіктің пайда болуының бастапқы сатысы - мастопатиямен ауру. Ал мастопатияға темекі шегу, ішімдік ішу, кеш босану, гармондардың бұзуылуы, жыныс жолдарындағы ауру және тағы да басқа жағдайлар әсер етеді.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдер сабырлы болулары керек екен. Себебі, жаны тыныш таппаған әйелдің омырауы сыздайды. Түйін пайда болады. Ал бұл белгілер сүт безіндегі белгілі бір өзгерістің орын алғандығы. Мұндайда көп уақыт созбай маммологқа көріну қажет. Кез келген күйзеліс, уайым - сүт безі қатерлі ісігінің пайда болуына әкеледі.

ҚОЙСЫН  НҰРҒАЛИЕВА /МАММОЛОГ

- аударма. Жыл басынан бері 192 әйел тексерілді. Барлығын онкологиялық диспансерге емделу үшін жібердік. Соңғы алты айдың ішінде 65 әйелдің сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандығы туралы дерек тіркелді. Қажетті ем-дом жасалуда. Бізге бала туғаннан кейін келетін әйелдер көп. Бәрі де мастит, мастопатиямен ауырғандар. Сондықтан, жылына бір рет ультрадыбыстық зерттеуден, екі жылда бір рет скринингтен өту қажет деп кеңес береміз.

Сүт безі обырының алдын алу үшін скринингтік бағдарламалар жеткілікті. Шаһарда маммографиядан ақысыз өтуге болады.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ  АЛАҢДАТАДЫ
20:52, 16 қыркүйек 2019
ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ АЛАҢДАТАДЫ
Толығырақ...
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ
20:46, 16 қыркүйек 2019
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
20:10, 10 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:15, 10 қыркүйек 2019
ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...