ШҰҒЫЛ! ОҚУШЫЛАР АСТАН УЛАНДЫ Толығырақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

19:26, 16 сәуір 2018

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болып Расул Махмұдұлы Медетов тағайындалды. Еске салсақ, бұл департаментті басқарған Қайыржан Тоқышев зейнеткерлік демалысқа шыққан болатын. Ал жаңа басшыны бүгін облыс әкімдігінде агенттіктің аппарат жетекшісі Саян Ахметжанов таныстырды. Расул Медетов 1986 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетінің, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның  Шеффелд университетінде магистратура бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстан жастар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің экономикалық және ақпараттық-технологиялық дамыту бөлімінің маманы қызметінен бастаған. Жоғарғы Сотта әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті басшысының орынбасары болды.

 

Тақырып бойынша материалдар

СЕРІКТЕСТЕР МӘМІЛЕГЕ КЕЛДІ, МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ
22:06, 22 сәуір 2019
СЕРІКТЕСТЕР МӘМІЛЕГЕ КЕЛДІ, МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 БИЫЛ 1000 ОТБАСЫНА 2 ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
20:34, 16 сәуір 2019
БИЫЛ 1000 ОТБАСЫНА 2 ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...