ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

​СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КҮШЕЙДІ

19:35, 3 шілде 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу. Бұл мәселе шаһар басшысы Мавр Абдуллинің төрағалығымен өткен қалалық комиссияның кезекті отырысында қаралды. Белгілі болғаны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарға сәйкес, әр мекемеде мониторинг жүргізілуі тиіс. Отырыста қалалық бөлім басшылары есеп беріп, комиссия мүшелерінің сауалдарына жауап берді. Сала мамандырының сөзінше, жемқорлықты жою мақсатында бүгінде мемлекеттік қызмет көрсету қызметі интернет ресурстарына ауыстырылған. Қазір мемлекеттік қызмет көрсету Ақтөбеде 98 пайызды құрайды. Ал ішкі істер органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар шаралар қабылданып жатыр.

ӘБДІҒАЛИ ОРНАЛЫ /ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысы заман талабына сай ашықтық пен жариялылықты талап етіп отыр. Осы мақсатта олардың қызметтік бөлмелеріне 124 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сондай-ақ, бүгінде  қаладағы учаскелік полиция бөлімшелерінде де 24 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр.

Жиында басқа да басқарма басшылары жыл басынан бері осы салада тындырылған істерін баяндады. Комиссия мүшелері бөлім басшыларына сауалдар қойып, отырыста қаралған мәселелер бойынша өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Азамат ӘБІЛҚАЙЫР

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...