ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ТАБИҒАТТЫ ЛАСТАЙТЫН КӘСІПОРЫНДАРҒА ТАЛАП КҮШЕЙЕДІ

18:11, 11 қыркүйек 2019

Экологиялық кодекстің жаңа жобасын талқыланды. Қазір экология министрлігі өңірлерде жаңа жоба туралы қоғамдық тыңдаулар өткізіп жатыр. Осы мақсатта Ақтөбеге жұмыс сапарымен  экология, геология және табиғи ресусртар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов келді. Басты тақырып - экологиялық кодекстің жаңа жобасы.  Еске салсақ, 2018-ші жылдың қыркүйегінде  Елбасының тапсырмасы бойынша экологиялық кодекстің тұжырымдамасы бекітілген болатын. Жұмыс тобы құрылып, кодекстің жаңа жобасы әзірленді.Экологиялық кодекстің жаңа жобасы халықаралық талаптарға сай. Жоба қабылданған жағдайда, қоршаған ортаны ластаушы кәсіпорындарға  талап күшеймек. "Ластаушы төлейді" деген қағида енгізіледі. Мәселен, табиғатқа зиян келітрген өндіріс орындары оны жоюға жұмсалатын қаржыны да өздері өтейді. Кодекстің тағы бір жаңашылдығы- зиян келтіргені үшін төлнетін айыппұл, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталады.

АХМЕТЖАН ПІРІМҚҰЛОВ /ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ

-экологиялық айыпұлдар қатаяды, бұл ретте  халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын да ескердік. Сонымен бірге, кәсіпорындардың да жауапкершлігін арттыруымыз қажет. Жаңа жобада қалдықтар, жалпы қатты тұрмыстық  және  өнеркәсіптік қалдықтарға аса мән берілді. Қалдықтарды сұрыптауда біз еуропалық тәжрибені негізге алдық. Яғни, қалдықтарды өңдеумен айналысатын  кәсіпорындарға  лицензия беріледі. 

 "Біз ашық диалогқа дайынбыз" деген вице-министр Ахметжан Пірімқұлов  экологиялық кодекстің жаңа жобасына қатысты ұсыныс-пікірлерді қабылдауға әзір екендерін жеткізді. Кодекс қабылданғанша 1-2 ай уақыт бар. Жауапты министрлік осындай қоғамдық тыңдауларды Атырау, Қарағанды секілді өндірісті аймақтарда өткізді. 

Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...