ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ТАБИҒАТТЫ ЛАСТАЙТЫН КӘСІПОРЫНДАРҒА ТАЛАП КҮШЕЙЕДІ

18:13, 13 қыркүйек 2019

Биыл желтоқсанның соңында елімізде жаңа экологиялық кодекс қабылданбақ. Оны қабылдау үшін құжаттың жобасын министрлік өкілдері өңірлерді аралап таныстырып жүр. Осы мақсатта Ақтөбеге экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов келді. Экология мәселесін шешетін жобаны Ақтөбеде талқылауы бекер емес. Еске салсақ, осыған дейін Үкімет басшысының тамыздағы облысқа сапарында өңірдің экологиясы туралы мәселе көтерілген болатын.  Елбасы тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан жаңа экологиялық кодекс желтоқсан айында қабылдануы тиіс. Оны қабылдау үшін алдымен қоғамдық тыңдаулар өтіп, халықтың пікірі талқылануда. Ақтөбеде өткен талқылау кезінде біршама мәселелер көтерілді. Әсіресе ауаны, жер мен суды ластап жатқан ірі өндірістердің мәселесі кеңінен қозғалды. Жаңа кодекс ондай кәсіпорандарға талапты күшейтпек.

ХМЕТЖАН ПІРІМҚҰЛОВ /ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ

- экологиялық айыпұлдар қатаяды, бұл ретте  халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын да ескердік. Сонымен бірге, кәсіпорындардың да жауапкершлігін арттыруымыз қажет. Жаңа жобада қалдықтар, жалпы қатты тұрмыстық  және  өнеркәсіптік қалдықтарға аса мән берілді. Қалдықтарды сұрыптауда біз еуропалық тәжрибені негізге алдық. Яғни, қалдықтарды өңдеумен айналысатын  кәсіпорындарға  лицензия беріледі. 

Еске салсақ, осыған дейін Үкімет басшысы Асқар Маминнің  тамыз айында облысқа келген жұмыс сапарында өңірдің экологиясы туралы мәселе көтерілген болатын.  Энергетика министрі мұнай қорының азайып жатқаны туралы айтты.

 

ҚАНАТ  БОЗЫМБАЕВ /ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ

- Өңірдің қарқынды дамуын атап өту керек. Ақтөбе облысы газдандыруға келгенде жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Қазір облыс елдімекендері 90 пайызға жуық газбен қамтылды. Дегенмен, 2025 жылдан бастап, Ақтөбе облысында мұнай өндіру көлемі азаяды. Мұның бірінші себебі кен орындарының көпшілігінде қор таусылуға таяу.

Ал геология, экология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қаратөбе кенішін және Көкжиде жерасы сулары қорын мұнай өнімдері ластап жатқаны туралы проблеманы көтерді.

МАҒЗҰМ  МЫРЗАҒАЛИЕВ /Р ГЕОЛОГИЯ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ

- Көкжиде кен орны тәулігіне 196 мың текше метр су бере алады. Бұл Батыс Қазақстан өңірлерінде су тапшылығын болдырмау үшін маңызды нысан. Облыс басшылығы осы мәселені ашық көтеріп отыр. Себебі қара алтынның топырақ қабатына сіңуі экологиялық ахуалды төмендетеді. Бұл жағдайды министрлік деңгейінде бақылауға аламыз.

Мұнай компаниясының қалдықтарының топыраққа сіңуінен іргесіндегі Көкжиде су қоры ластанып жатыр деген ақпарат қазір көпшілікті алаңдатып отыр. Мұны қоғамдық ұйым өкілдері қөала әкімдігінде өткен жиында ашық көтерген болатын. Сол сияқты Ақтөбеде көп айтылып, дау туғызған су арналарын кеңейту жұмыстарына да өңір басшысы нүкте қойғаны белгілі. Енді бірде бір тал-терек келісілмей кесілмейді деді облыс әкімі Елек өзені аймағында табиғат жанашырларымен  кездесіп. Қазіргі уақытта өзен арнасын кеңейту,түбін тереңдету, бекіту жұмыстары тоқтатылған. Оңдасын Оразалин жаңа жобаға енгізілетін өзгерісте қоғам белсенділерінің ой-пікірлері ескерілетіндігін жеткізді.

АЙГҮЛ БАЙМЕН

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
20:45, 23 қазан 2019
ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
Толығырақ...
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...