ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫС УАҚЫТЫЛЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС

22:38, 26 мамыр 2020

Таеквондошыларға карантин кедергі емес. 3 айға жуық төрт қабырғаға қамалған жас спортшылар  алаңда санитарлық талапты қатаң сақтап, жаттығуға кірісті. Ашық аспан астындағы жаттығуға қатысып келген әріптесім Ерлан Мұқан салауатты өмір салтын ұстанған спортшылардың дайындығын айтып береді. 
Саябақтағы жаттығу үйде отырып, спорт залдың ашылығанын күткен таеквондошылар үшін жағымды жаңалық болды. Алғашқы болып қуанғандардың бірі - Сұңғат Сабыркерей. Ол 6 жылдан бері шығыс жекпе-жегімен шұғылданады. Қызыл белбеу иегері бірқатар турнирлердің жүлдегері. Олимпиада шыңын бағындыруды мақсат еткен. "Оған жету үшін барлық кедергіні еңсеремін" дейді жас қыран.
Таеквондошылар бұған дейін жаттықтырушының онлайн бақылауында болды. Ал карантин режимі жеңілдеген соң бапкер ашық алаңда шәкірттерінің бабы мен білігін шыңдап жатыр. Ашық аспан астындағы жаттығу екі апта бұрын басталған. Барлығы 35 бала күн сайын  2 сағаттан жаттығады.  
ДАМИР ЮСУПОВ
ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Далада жаттығу идеясын әріптесім ұсынды. Алдымен ата-аналарға ескертіп, балаларды ашық алаңға алып шықтық. Кедергілер де кезіікті. Арнайы киімсіз, ыстықта далада жүру қолайсыз. Басты мақсат - бапты жоғалтпау.  Ал ата-аналар мен балалар спорт залдың ашылғанын қалайды. 
ВТФ таеквондо олимпиадалық спорт түріне кіреді. Өңірде қызығушылардың саны артып келеді. Өңір спортшыларының деңгейі де жоғары. Ақтөбе респбуликада көш бастап жүр. Бұл осындай табанды еңбектің нәтижесі болса керек. 
Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
16:42, 30 маусым 2020
25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
Толығырақ...