ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ТАҒАЙЫНДАУ

16:36, 18 ақпан 2020

Қылмыстық-түзету жүйесінің облыстық департамент бастығы лауазымына Алмас Шамишев тағайындалды. Жоғары білімді. Ішкі істер министрлігі академиясының тыңдаушысы. Еңбек жолын  Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі департаменті КА-168/2 мекемесінің жедел уәкілі жедел бөлімінің бастығы болып бастады. Әр жылдары Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел уәкілі, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, жедел басқару бөлімінің бастығы, Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының режим және қадағалау бөлімінің бастығы болды. 2019-2020 жылдары - Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Сонымен қатар облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы орынбасары қызметіне Нұржан Мақсатов тағайындалды. 28 жастағы лауазым иесі жоғары білімді. Қазақ-Британ техникалық университетінің түлегі. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Өңірлік даму бағыты» бойынша магистрі дәрежесін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Ақтөбе облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасында іс-жүргізу маманы болып бастаған. Қазақстан Республикасы Президентінің жастар кадрлық резервіне іріктелген. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин тағайындалған азаматтардың жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта өңірдің дамуына бірлесіп жұмыс жасаймыз деген сенімін білдірді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар