ШҰҒЫЛ! 320 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды Толығырақ

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп

17:08, 17 қараша 2017

Ақтөбе мен Қандыағаштың ортасында соңғы уақытта жол-көлік апаты көбейген. Бұған жұрт жолаушылардың қауіпсіздігіне жауап бермейтін такси қызметін кіналап отыр. Осыдан 300 жыл бұрын Майқы би «Темірден болар көлігің, темірден болар өлімің» деп кеткен. Сол айтқандай, өлімі темірден болған талай адамның  арманы қара жолда үзілді

Мінген таксиі жол апатына ұшыраған Жұлдыз Қазбек ауруханада бастаған емін қазір үйде жалғастырып жатыр. Шілдеде болған оқиға салдарынан басына зақым келіп, тістері сынған. Содан бері төрт ай өтседе, еш айығар емес. Соның кесіренен жұмыстан да айрылды.

Тұрғындар да таксиге  наразы. Жолаушының қауіпсіздігі ескерілмейді, алда келе жатқан көлікті басып озып, жолдың қарсы бетіне шығу, олар үшін қалыпты. Ұзын жолда жүйіткіген көлік ішінде иманымызды үйіріп отырамыз дейді.   

Жыл басынан бері аудандық ауруханаға 58 адам түрлі дене жарақатымен түскен. Екеуі көз жұмды. Олардың бәрінің де мінген таксиі жол апатына ұшыраған. Жол-көлік оқиғасы әсіресе,  Мұғалжардың Ақкемер ауылынының маңында көп тіркеледі дейді дәрігерлер.

Ал такси жүргізушілерінің өз айтары бар. Үстінен шағым түскен таксидің жүргізушісін жазалаймыз дейді.

Қандыағаш қаласында санаулы ғана такси тұрағы бар. Оған жұмысқа тұрған көлік жүргізушілері нәпақасының белгіленген пайзын төлейді және әр жүргізуші жеке кәсіпкер ретінде бюджетке салық төлейді.

Аудандық депутат Сайлау Қиясов та бұл мәселені көптен бері қозғап келеді. Талай сессия отырысында жолаушы тасымалына қатысты тәртіпті күшейтуді ұсынған.

Тақырып бойынша материалдар

Мыс компаниясы жұмысшылар жалақысын 10 %-ға көтереді
20:28, 22 ақпан 2018
Мыс компаниясы жұмысшылар жалақысын 10 %-ға көтереді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...