ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНДЕ 5 ЗАЛ АШЫЛДЫ

18:06, 10 шілде 2019

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде 5 тақырыптық зал ашылды. "Археология, этнография", "Ерлік пен даңқ","Өлке тарихы" және  "Тәуелсіздік жолымен" атты залдар бүгіннен бастап тұрғындарды қабылдауға дайын. Салтанатты шараға мәдениет қызметкерлері, тарихшылар және ақтөбеліктер көп жиналды.Музей ұжымы көне жәдігерлер арқылы Ақтөбе өңірінің тарихын түгелдеуге тырысыпты. Облыстағы мәдениет пен руханият, дін, сауда саттық, экономикалық ахуал жайлы да ақпарлар бар. Шаһардың әр дәуірдегі өзгеруі мен өрлеуі , тәуелсіздік алғалы тынысы да мұнда көрініс тапқан. Әсіресе туристер үшін қызықтың бәрі осында. қазақтың қолөнері, аспаптары, құрал-саймандары да бар.110 мыңға жуық жәдігер сақталған тарихи орын тағы жаңа экспонаттармен толығады. Мәселен, Димаштың отбасы әншінің концерттік костюмін сыйға тартамыз деп уәде берген. Облыстық тарихи-өлкетану музейіне 90 жыл. Ал өлкетанушы Рысжан Ілиясова музейде 40 жыл қызмет еткен. Салтанатты шараға келген зейнеткер қуанышын жасыра алмады.Музей-қаланың төлқұжаты. Өңірдің кешегісі, бүгіні мен ертеңінен сыр шертетін жалғыз мекеме екендігін айтқан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, музей қызметкерлеріне жылы лебізін білдірді.Осылайша тарихи танымды арттыру жолында тағы бір қадам жасалды. Музей дүйсенбіден басқа күндері жұмыс істейді. Кіру тегін.

Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар