ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА Толығырақ

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

16:40, 17 тамыз 2018

Облыс орталығындағы аудан күндерін бастаған әйтекебиліктер даңқты қолбасш,  сұңғыла саясаткер Әбілқайыр ханның 325 жылдығына арнап танымдық конференция өткізді. Тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар әйгілі тұлғаның өмірі мен оның атқарған қызметі туралы тың деректерді де баяндады. Конференция Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өтті.

Даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханның 325 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияға белгілі ғалымдар мен белсенді қоғам мүшелері және жастар жиналды. Тарихи тұлғаның өмірі мен жаугершілік замандардағы елдің азаттығы үшін халық жадында қалған ерліктері кеңінен айтылды. Әбілқайырдың  хан-сұлтан атанып, ғылым мен әскери саланың дамуына елеулі үлес қосқан ұрпақтары туралы да тың деректер бар. Соның ішінде, генерал атанған ханның ұрпағы Ғұбайдолла жайлы тарихи деректер көп айтылды.

Әбілқайыр ханның жерленген жері Әйтеке би ауданында тарихи деректер кеңінен насихатталуда. Конференцияға қатысқан аудан әкімі Мәлімбет Ибрашов ауданның экономикалық ахуалына да тоқталды. 

Даңқты ханның 325 жылдығына арналған конференциямен басталған Әйтеке би ауданының күндері облыс орталығында екі күнге жалғасады. Осы аралықта өлкенің дамуы барысы мен болашақта іске асатын жұмыстары кеңінен насихатталмақ.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЁТ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРМЕН ЖАЛҒАСТЫ
19:21, 21 қыркүйек 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЁТ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРМЕН ЖАЛҒАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...