ШҰҒЫЛ! КӨШЕ САУДАСЫН ДАМЫТУҒА 250 ЖЕР ТЕЛІМІ БӨЛІНЕДІ Толығырақ

Тарихқа тағзым етілді

13:38, 20 қараша 2017

"Рухани жаңғыру аясында Ақтөбенің киелі жерлерін насихаттау". Алға ауданының Бестамақ ауылында өткен шара осы мақсатты көздеді. Тарихқа тағзым етіліп, өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынды. Шара Қазақстан Халқы ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылды.

Өзге ұлт өкілдері биыл тамыз-қыркүйек айларында Қобда ауданында болды. Онда Абат-Байтақ, Қобыланды батыр кесенелерін аралады. Енді келесі жылы Ойыл ауданындағы тарихи-мәдени орындарға баруды жоспарлап отыр. Ал осы жолы Бестамақ ауылында жуырда ашылған Есет батыр ескерткішін көрді, киелі орынмен танысты. Ескерткіш Ақтөбе -Астрахань тас жолының бойында орнатылған. Тұғыры 6 метр болса, мүсіннің биіктігі 5 жарым метр.

Шара қатысушылары 1992 жылы тұрғызылған Есет батырдың мемориалды кешеніне де барды. Онда батыр рухына құран бағышталып, музейді көрді. Батырдың жаугершілік заманда қолданған бұйымдары, ол туралы жазылған кітаптар мен деректер осында.

АННА ГОВОРОВА, №4 МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ

- Мұндай шараның ұйымдастырылғанына қуаныштымын. Бұл өз кезегінде қазақ тарихын білуге мүмкіндік береді. Бұрын соңды, осындай тарихи жер бар екенін білмеппін. Алдағы уақытта тағы да басқа киелі орындарға сапар шегуді жоспарлап қойдым. 

Ал, ауылдық мәдениет үйінде Бестамақ тұрғындары Елбасы мақаласының мазмұнын талқылады. Жаңғырудың негізі - тұрақтылық, бірлік, келісім екенін айтып, халықты бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Шара этномәдени бірлестік өкілдерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ БАР
20:26, 10 тамыз 2018
730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ...
Толығырақ...