ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ТАРИХТЫ БІЛУ - ҰЛТТЫ ҰҒЫНУ

11:31, 12 қазан 2020

Жүзден астам ұлт пен ұлыс мекендейтін Қазақстанның татулығы көпке үлгі. Өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі, тілі мен тыныс-тіршілігінің сақталуына бар жағдай жасалған. Сәйкесінше олар да қазақ жерінің тарихы мен мәдениетіне, өмір сатына қанық. Осы орайда Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблясы жаңа жобаны қолға алды. Бір шаңырақ астындағы этномәдени бірлестік өкілдері батырлар мекені - Қобда ауданына барды. Мұндағы көненің көзіндей боп тұрған кесенені аралап, Әлия Молдағұлова атындағы музейде болды. 
Бұл - Абат Байтақ кесенесі. Алғашқы сапарын осы жерден бастаған этно-мәдени бірлестік өкілдері аталған нысан туралы дерекке қанықты. Биіктігі 16 метрлік кесене 2007 жылы қайта қалпына келтірілді. Жан-жағы қоршалды.  Мұндағы 200-ге жуық құлпытасты қорғау жұмысы жақсы жолға қойылған.  Біз барғанда белгілі ғалым, археолог Серік Әжіғали бастаған зерттеу тобы жұмыс істеп жүрді. Ол қонақтарға кесене тарихын жан-жақты айтып берді.
Әлия ауылына барған қонақтар батыр қыздың ескертішіне гүл қойып, тағзым етті. Әлия атындағы музейді аралап, 10 мыңға жуық экспонатпен танысты. Айта кетейік, 1985 жылы ашылған музейдегі ең құнды экспонат - Батыр қыздың майданнан жазған хаттары, Кеңес Одағының Батыры атағы берілгені туралы құжат. Қонақтар бұл сапардан алған әсеріміз жоғары дейді.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Қазақстанның қасиетті жерлері" кіші жобасы аясында ұйымдастырылған бұл сапардың маңызы жоғары. Ұйымдастырушылар мұндай шараның жалғасатынын айтады.
Бұл сапарға шыққан этно-мәдени бірлестік өкілдері көп дерекке қанығып, үлкен әсермен қайтты.

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
21:48, 23 қазан 2020
ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
Толығырақ...